ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСАҒЫ ІСКЕ КІРІСТІ

16:04, 24 маусым 2019

«Жасыл ел» 15-ші маусымын бастады. Әдеттегідей студенттер жасағы өңірдегі абаттандыру және көріктендіру жұмыстарына ат салысып, құрылысқа да тартылатын болады.

14 жыл бойы жастардың назары «Жасыл елде». Биыл да белсенділік танытқан студенттер қауымы жұмысқа білек сыбыны кірісуге әзір. Биыл Павлодар облысы бойынша 20 мыңнан астам студенттер жұмысқа тартылып, түрлі шараларға жұмылдырылады. Олардың қатарында алғаш рет жасақ құрамына алынып жатқан жастар да көп.

Серік Рахымтай, Екібастұз қаласының студенті:

Жасыл елге келген мақсатым, еліміздің табиғатын қорғауға ниеттімін. Мен осы Жасыл елге бірінші жыл жұмысқа келіп отырмын. Біз Екібастұз қаласында «100 үй 100 пәтер» атты акция бойынша жұмыс істейміз. Есік алдарын подездерді тазалаймыз.

Биыл Павлодар облысында «Жасыл елді» қаржыландыруда бірқатар өзгерістер бар. Жасақ жұмышылары айына 42500 теңгеге дейін жалақы алатын болады.     

 

Әсел ЖАҚСЫБАЙ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар