ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

«ЖАСЫЛ ЕЛ» МАУСЫМЫ ЖАБЫЛДЫ

19:35, 27 қыркүйек 2020

"Жасыл ел» жастар еңбек жасағының 16-шы еңбек маусымы жабылды. Биыл қанша жас жұмыспен қамтылды? Елдегі карантин жасақ жұмысына өз əсерін тигізген жоқ па?

Еңбек маусымының жабылу салтанаты "Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының облыстық штабы өткізетін, жастарды біріктіруге бағытталған және жастардың қоғамдық пайдалы еңбекке оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететін жыл сайынғы дәстүрлі іс-шара болып табылады. Айта кетейік, осы уақыт ішінде өңірдің «Жасыл ел» жастар жасағы сарбаздары қатарында 30 мыңнан астам жас ұлдар мен қыздар жұмыс істеді. Олар бірнеше бағытты қамтыды.

Абай Уахит, «Jasyl el» жастар жасағының облыстық жетекшісі:

Елдегі жағдайға екі ай кеш бастадық. Қойған жоспарларды мүмкіндігінше орындаған болатынбыз. 2019 жылға қарағанда 100 сарбаз көбірек алған болатынбыз. Орташа жалақы да осы жылы көбейді бізде 72 мың теңгені құрады бізде. Ақша таба білді біздің Павлодар облысының жастары.

Жастар қала мен аудандарды аббаттандыруға, әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер, өнеркәсіптік кәсіпорындарды салуға қатысты. Бүгін жасақтың 16-шы маусымы жабылды. Салтанатты шара аясында маусым бойы үздік жұмыс жасаған жасыл елдіктер марапатталды. Олардың қатарында Май ауданының сарбазы Гүлжан Шәкірова да бар. 

Гүлжан Шәкірова, Май ауданының сарбазы:

Жасыл ел жасағында жұмыс істеп жатқаныма 4 жылдан астам уақыт болды. әр жыл сайын көптеген жұмыстар атқарылды. Көп этажда саябақтар, мектептер әперді.   Жол жұмыстары бар атқарылды.

Айта кетейік, биыл облыста 2100 сарбаз жұмыс қақартылды. Жалпы 7 бағыт бойынша 98 жасақ еңбек етті. Ағымдағы жылы «Жасыл ел» жасағы ашылғалы 40 экологиялық акциясы өткен.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар