ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

«ЖАС ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

12:03, 3 шілде 2020

Елімізде жастарды баспанамен қамту аясында 1-шілдеден бастап «Жас отбасы» бағдарламасы іске қосылды. Оның тиімді шарттары жаңадан отау көтерген жас жұбайлардың баспана алуына мүмкіндік береді.

1 шілдеден бастап жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ететін «Жас отбасы» бағдарламасы іске қосылды.  Бұдан былай заңды некелері 3 жылға толмаған жас отбасылар 6 пайыздық мөлшерлемемен үйлі бола алады. Оның  екі нұсқасы бар.

Ботагөз Қамарова, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ПОФ директор орынбасары:

Аталмыш бағдарламаға қатысу үшін. Ерлі-зайыптың біреуіне ғана шот ашу жеткілікті.  Сол шотта үйдің бағасының 50 пайызын жинау керек. Бұл уақытта жылдың 2 пайыздық мөлшерлеме премия түседі.  Екінші нұсқа отбасылық пакет. Ерлі зайыптың екеуіне де шот ашу керек. 2 пайыздық мөлшерлеме бірақ премия екі адамға да түседі. Бұл кем дегенде 200 мың теңге.

Осылайша бағдарлама аясында үйдің 50 пайызын жинаса, төлемі аз шығады. Жаңа немесе екінші деңгейдегі үйді алуға болады.  Жер алып, үй салуға да мүмкіндік бар. Ерлі-зайыптының жасы мен бала санына шектеу жоқ. Бастысы үйленгендеріне 3 жыл болса болды.

Қаршыға Жақсылықов, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ПОФ бизнесті дамыту бөлімінің  1 санаттағы маманы:

Бұл жаңадан ашылған бағдарлама. Бұл салымды ашқан кезде арнайы признак «Жас отбасы» деп қойылады. Сондықтан ескі депозиттер бұған қатыса алмайды. Тек арнайы келіп «Жас отбасы бағдарламасы» аясында деген ашу керек.

Сонымен қатар, жас отбасының әкімдікте баспанаға кезекте тұруы да міндетті емес. Ипотека мерзімі 6-9 жыл. Атыңызда үй болса да бағдарламаға қатысуға болады.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар