ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

«ЖАС ОТАУ» АРТ-НЫСАНЫ ОРНАТЫЛДЫ

19:36, 3 маусым 2019

Ақсу қаласында «Жас отау» атты арт-нысан орнатылды. Енді бұл жер моноқала тұрғындары бас қосатын көрікті орынға айналмақ. Нысан Еуразиялық Топтың 25 жылдық мерейтойына орай қалаға жасаған тартуы. Оның ашылуына әйгілі мексикалық суретші Дэвид Мадеро мен қазақстандық мүсінші Эдуард Казарян қатысты.

Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкері Анна Назарова, Еуразиялық Топ басшылығына шаһарда тұрғындарға арналған ерекше бір мүсін орнатып беруді ұсынған еді. Осыдан кейін идея кеңінен талқыланып арт-нысанның сызбасына байқау жарияланды. Қазылар алқасының құрамына әлемге әйгілі мексика-америкалық сурет шебері Дэвид Мадеро мен отандық мүсінші Эдуард Казарян шақырылды.

Эдуард Казарян, мүсінші:

 «Жас отау» мүсіні келер күнге ұмтылыс және ертеңгі күнге кәміл сенімді бейнелеп тұр. Менің мүсінімнің металлургтер мен энергетиктер қаласына орнатылғанына ерекше қуанып тұрмын. Мұнда жастар көп. Осы орайда, Еуразиялық Топтың моноқалалардағы адамдардың рухани және мәдени дамуына инвестиция құйып, оларға осындай қамқорлық танытқаны қуантты. 

Арт-нысанның ашылуына мексикалық суретші Еуразиялық Топтың шақыртуымен арнайы келген. Теміртен түйін түйіп, металға жан бітіретін шебер компанияның кәсіпорындарында еңбек етіп жүрген дәнекерлеушілерге үш күн бойы шеберлік сабағын өткізіп, тәжірибесімен бөлісті. Оған Павлодардан өзге Ақтөбе, Рудный, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы кәсіпорын еңбеккерлері қатысты.

Дэвид Мадэро, мексикалық суретші:

Менің ең сүйікті металым болат. Қазір сонымен жұмыс істеудемін. Екінші кезекте қола, мыс және жезбен де жұмыс жасаймын. Дегенмен, мен үшін ең қолайлы метал болат.

Қазақстан нарығында 25 жыл бойы еңбек етіп келе жатқан Еуразиялық Топтың басты ережесі – компанияда жұмыс атқаратын адамдар және лоардың отбасына, ERG үшін «туған қала» саналатын өңір тұрғындарына әрдайым жанашыр болу. Ақсудағы мерекелік шараға қаланың жүздеген тұрғындары мен қонақтары қатысты. Әр-түрлі отбасылық сайыстар өткізіліп, кешкісін шараның арнайы қонағы Black Star – Nazima әнмен шашу шашты.

 

Валерия СТЕПЧУК

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕРТІС-БАЯН ӨҢІРІНІҢ ЖҮЗ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ
12:13, 12 желтоқсан 2019
ЕРТІС-БАЯН ӨҢІРІНІҢ ЖҮЗ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...