ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ЖАС МУЛЬТИПЛИКАТОР

19:32, 29 қараша 2019

Павлодарлық сегіз жастағы оқушы күллі республиканы аузына қаратты. Екінші сынып оқушысы бір жылдың ішінде үш мультфильм жасап шығарған. Үшіншісі жақын күндері жарыққа шығады.

Бұл орталыққа Мәдина аптасына екі рет келеді. Оның алғашқы екі туындысы алдыңғы айда көрерменге жол тартқан.  Кейіпкерлердің дауысын да өзі салады. Бірінші күнгі сабағында Мадина өзінің алғашқы мульфильмін жасаған. Туынды «Гамбургер» деп аталады. Ал бірер күннен кейін сегіз жастағы Мәдина Сәбит үшінші мультфилімін жарыққа шығарады. Қазір дайындық үстінде.

Мәдина Сәбит, 2 сынып оқушысы: 

Бірінші мен кейіпкерлерді таңдаймын. Содан кейін декарацияларды жасаймын. Одан кейін мен дауысты саламын. Мен үшінші мультфильм жасап жатырмын. Монстрлар туралы. Олар мектепте оқып жатыр.

Алғашқы мультфильміне тақырып таңдауда ұстазы көмектескен. Бірақ ойы өткір қыз, екі айғы сабақтан соң өзі ұсыныс жасай бастаған. Бүгінде туынды сценарийін толықтай өзі құрастырады.  

Елена Липутатова, мәдинаның жетекшісі:

Мадина сегіз жаста. Өз жасына қарамастан, осындай жетістіктерге жетіп отыр. Мысалға, оның сабағы бар, ән мен биге барады. Сурет те салады. Бірақ ол әрдайым даму үстінде. Осы жерде штатив, камера, түрлі гаджет, пульттарды қолдануды еркін меңгеріп алды. Компьютерлік сауаттылықты да жетік біледі. Мен кейде өзім де оқушымның шеберлігіне таңғаламын.

Көрерменге жол тартатын үшінші туындысы аудармалы анимациялардан құралады. Мәдина кейікерлерді қағаздан қиып, өз қолымен жасайды. Сюжет желісі құбжықтар болғанымен түпкі мағынасы тәлімгерлік, сыйластық, өз-өзіне деген сенім және алға қойған мақсатын айқындауға бастайды.

Мәдина Сәбит, 2 сынып оқушысы: 

Мен мультфильмді бүкіл әлем көру үшін жасаймын. Басқа балалар көру үшін. Мен тағы да көп мультфильмдер жасаймын.

Мәдинаның қоржынында үш мультфильм бар. Жаңа жыл қарсаныңда төртінші туындысын жоспарлап отыр. Бірақ әзірге ол құпия болып қалсын дейді. Айта кету керек, жаңа мультфтльм ағылшын тілінде жарық көреді.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...