ШҰҒЫЛ! ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУДАҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР Толығырақ

ЖАРЫҚ ҚАЛА – ЖАҚСЫ ҚАЛА

19:55, 6 желтоқсан 2019

Облыс орталығының аулалары мен көшелерін жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биылғы жылы жоспар бойынша 300 ауланы жарықтандыру керек болса, қазірдің өзінде 280-нің көзі ашылды.

Павлодардың аулаларына 2 мың жарық шамдар орнатылып жатыр. Қараңғы түнде сәуле шашатын шамдар жыл соңына дейін іске қосылады.  Жоспар бойынша 300 үйдің ауласын жарықтандыру қажет. Бұған бюджеттен 500 млн теңге бөлінген.

Әлібек Оразалин, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

ТҮКШ бөлімінің зерттеуіне сүйенсек, 1200-дей аула бар. Биыл 300 ауланы ғана бітірсек. Келесі жылы бюджеттен қаражат бөлінсе, жұмыстар жалғасады.

Бүгінгі күні аулаларда кабель төсеу, фундамент құю сияқты жерасты жұмыстары толығымен аяқталды. Қазір аулаларда діңгектер орнатылған. Қосымша жұмыс тобы біртіндеп шамдарды іске қосып жатыр.

Әлібек Оразалин, қалалық түкш бөлімінің сектор меңгерушісі:

Бірақ мына халықтан көптеген наразылықтар туындап жатыр. Неліктен жарықты үйге қаратып қоймайсыздар деген сұрақтар да туындайды. Үйге қарату мүмкін емес, Себебі екінгі-үшінші қабаттарғы түрғындарға сәуле түсіреді.

Сонымен қатар, көшелер де жарықтандырылуда. Бұл ретте үлкен және шолақ көшелерге де шам орнатылады. Өйткен, Радиозауыт пен Лесозауыт мөлтек аудандарында жарытымды жарық жоқ. Оларға жұмсалатын шығын есептелді, дейді мамандар. Лесозауытқа шамамен 50 млн, ал Радиозауытқа 60 млн теңге қаражат қажет. Бұл аумақтарды жарықтандыру келер жылға жоспарланған.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
12:52, 17 қаңтар 2020
БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...