ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ЖАҢА КІТАП ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

10:23, 30 маусым 2020

Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешітте «Павлодар өңірінің ислам руханиятының тарихы» атты кітап таныстырылды. Туындының авторы жерлес жазушы, журналист Амантай Тойшыбайұлы. Кітапта Ертіс-Баян өңіріне ислам дінінің келуі, өркендеуі жайлы айтылған.

Бұл жазушы Амантай Тойшыбайұлының ислам дінінің тарихы жайлы жазылған көлемді еңбегі. Бұған дейін оқырмандарға арнап, бірнеше ауқымды еңбектер жазған. «Павлодар өңірінің ислам руханиятының тарихы» атты еңбегіне ислам діні мен Павлодар өңіріне ислам дінінің дамуын арқау еткен. Кітап үш бөлімнен тұрады. Патшалық дәуірдегі, кеңестік кезең және тәуелсіздік жылдарындағы ислам діні туралы айтылады. Кітаптағы әр тақырып дәйекті деректермен өрілген.

Амантай Тойшыбайұлы, жазушы, журналист:

Осы қызметті істеп жүргеніме 10 жылдай болып қалды. 10 жыл бойында жинақтай жүріп, сұрыптап, қажетті деген еңбегі сіңген руханиятқа, мешітті ұстаған кезінде, межресе ашқан, халықты игіліккке, имандылыққа тәрбиелеген аталрымыз туралы көптеген деректер жинап жүріп, бізде ақпатша дәуірінен жиырма неше адам, кеңес дәуірінде 80дей адамдардың қысқа өмірбаяндары, істеген игілікті істері осы кітапта көрініс тапқан.

Амантай Тойшыбайұлының ауқымды еңбегіне қолдау білдіріп, алғыстарын айтқан мешіт имамдары, ақсақалдар көп. Себебі, жаңа кітаптың тағылымы терең, мағынасы мазмұнды. Жастардың діни сауатын арттыруға негізделген. Ислам дінінің тарихын білуге жол ашатын құнды еңбек дейді, мамандар.

Жолдас Қажы Қоспақұлы, ҚМДБ Павлодар облысы бойынша өкіл имамы:

Біздің Павлодар облысында рухани исламның таралуы  туралы бұл кісі айтады. Барлық жағынан қамтамасыз етілген. Мешіттер болсын, әулиелердің тізімі болсын, мына 30-шы жылдары атылып кеткендердің тізімі болсын қысқа да нұсқа осында келтірілген.

Кітап 500 данамен жарық көрді. Құнды еңбектің жарыққа шығуына ат салысып, қолдау көрсеткен барлық азаматтарға Амантай Тойшыбайұлы алғысын білдірді. Автор туындысының өз оқырмандарын табатынына сенімді.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар