ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ЖАҢА ҒИМАРАТҚА ҚАШАН КӨШЕДІ?

11:12, 20 қаңтар 2020

Өткен жылы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облыстық онкологиялық орталықтың жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылған болатын. Ал, су жаңа мекемеге көшу процесі қалай жүріп жатыр? Кедергілер бар ма?

Ескісінен естісіне орналасу, ауыр, заманауи құрылғыларды көшіру бір күннің шаруасы емес. Лицензияның өзіне үш айдай уақыт қажет. Онко орталық мамандарының сөзінше, бұл процес қазіргі таңда талқылану үстінде. Ал, бүгінде жаңа ғимараттағы медициналық құрылғыларға монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Демек, болжам бойынша ақ халаттылар наурыз айында қоныс тойын тойлауы мүмкін.

Ернұр Неғманов, онколог дәрігер:

Әрине жаңа диспансер ашылғаны барлығымыз үшін қуаныш. Бірақ, қазір өте көп, жиі қойылатын сұрақ пациенттерден қашан көшесіздер? Қашан жаңа жерде жұмыс істейсіздер? Дәл қазіргі уақытта сіз айтқандай, лицензия алуда қағаз жұмыстары жасалуда. Лицензия біздің ойымызша, алдын ала ақпараттар бойынша наурызға қарай дайын болу керек. Кейін тек қана тек лицензия емес, өздеріңіз білесіздер жаңа заманауи диагностикалық құрал-жабдықтар алынған. Солар әкелінді. Енді бұларды орнату, яғни монтаж жасалып жатыр.

Жаңа медициналық кешеннің жалпы аумағы – 24 мың шаршы метрді құрайды. Онкологиялық орталықтың емханасы бір ауысымда 100 адамды қабылдай алады. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен 7 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Ал, науқастардың кейбірі мекеме жаңа ғимаратқа көше бастаса кімге, қай жерге қараламыз деп даурығуда. Бұған сала мамандарының нық жауабы да бар.

Ернұр Неғманов, онколог дәрігер:

Көшу процесі кезінде әрине жұмыс тоқтауға болмайды. Неге десеңіздер науқастар күтпеу керек. Оның барлы,ын ойластырып, жаңағы емхана, аурухана барлығы бөлек-бөлек көшеді. Не осы ғимаратта, не дайын болып жатса, жаңа ғимаратта ем алып жатады.

Павлодар облысы онкологиялық аурулар бойынша республикада көш бастап тұрғандар қатарында. Сол себепті, мұндай заманауи орталықтың біздің облыс үшін қажеттілігі зор. Статистикалық деректерге сүйенетін болсақ, 2019 облыс бойынша онкологиялық орталықта 11 мың 700 ден астам адам тіркелген. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Алдағы уақытта сала мамандары жаңа ғимараттағы заманауи құрылғылар мен білікті дәрігерлердің арқасында бұл тізімді төмендетеріне сенімді.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...