ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ЖАЛҒА АЛУ АҚЫСЫ КӨТЕРІЛМЕЙДІ

11:10, 27 наурыз 2020

Елімізде төтенше жағдай енгізілгелі студенттер қашықтан білім алып жатқаны мәлім. Ал, кәсіпорындар өз қызметкерлеріне қашықтан жұмыс істеу кестесін енгізсе, сауда орталықтары да жұмыс уақытын қысқартып, кейбірі уақытша жабылды. Осындай қиын уақытта ірі сауда орталық иелері жалға алушыларына бизнесті жүргізуге барлық мүмкіндіктерді қарастыруда.

Елдегі  төтенше жағдай режимі кезінде сауда орталықтары 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Сауда үйлері әкімшілігінің өкілі жақында қала әкімдігінен жалға беруді азайту туралы ұсыныс түскенін және бұл мәселе қарастырылып жатқанын атап өтті.

Валерий Филяев, «Артур», «Квазар» сауда үйлері әкімшілігінің өкілі:

Жалға алу төлеміне келетін болсақ,  біз сәуір айынан бастап оны 10 пайызға көтеруді жоспарлаған едік. Бірақ төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, барлық бөлімшелеріміз бойынша жалдау ақысын көтермейміз. Сонымен қатар, жалға алушылардан жалдау бойынша төлемдердің мерзімін өткізіп алғаны үшін өсім алынбайды. Оған қоса, жоғары жалдау ақысын төлеп үлгергендерге басқа айларға қайта есептеу жасалады.

Ал, төтенше жағдай режимі аяқталған соң  сауда оратлықтары өз жұмыстарын бұрынғы кесте бойынша жалғастырмақ.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
10:23, 25 мамыр 2020
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ҰСТАЗДАРЫНА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ
10:36, 28 мамыр 2020
АУЫЛ ҰСТАЗДАРЫНА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...