ШҰҒЫЛ! «МАЙДАН ЖОЛЫ» ЖАСАҒЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ Толығырақ

ЖАЛАҚЫСЫН АЛА АЛМАЙ ЖҮР

19:56, 14 наурыз 2019

Павлодар қаласында әлеуметтік көмекшілер еңбекақыларын ала алмай отыр. Мүгедектердің қараушысына берілетін қаржы екі айдан бері кешіктірілген. Себебі, мемлекеттік сатып алу заңы бойынша қаржыландыру жыл аяғында тоқтап, жаңа жылда тендер қайта өткізілген. Ал, оны ұтып алған мердігерге қатысты іс қазір сотқа жіберілді. «Мұңы батпан, тағыдыры-қақпан» жандардың арыз шағымын тілші зерделеп көрген болатын.

Любовь Нерябованың қаны қысымы жоғары әрі екі көзі бірдей көрмейді. Ол 27 жыл теміржолда қызмет атқарған.  2006 жылдан бері кіріптар болып қалды. Сондықтан Татьяна бұл үйге күн құрғатпай келеді.

Татьяна Третьякова әлеуметтік көмекші

Жұмысқа шығуға мәжбүр болдым. Себебі, зейнетақы қорына төлем барып тұруы керек. Ол үшін ақша керек. Оның үстіне екі балам бар. Оларға киім-кешек, тамақ алу қажет. Сондықтан екі жаққа кезек жүгіріп жүрмін.    

Павлодар қаласында 800 ге тарта әлеуметтік көмекші бар. Татьяна сияқты оларда екі ай еңбекақы алған жоқ. Осы уақыт аралығында өздігінен жүріп- тұра алмайтын жандардың кейбірі қараусыз қалды.

Любовь Нерябова   1-ші топтағы мүгедек

Олар бізді аяғаннан тастамайды. Татьяна маған жарты күн келмесе халім мүшкіл болар еді. Себебі өздігімнен жүріп асымды іше алмаймын. Менің одан басқада машақатым көп қой.

Мүгедектердің қараушысына берілетін еңбекақы мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Соған сәйкес қаңтар айында Павлодар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тендер өткізген. Мердігер компания да анықталды.

Жомарт Сүлейменов қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары

Бірақ мердігер өз міндеттерін дұрыс атқармай ол кісілермен біз келісім-шартты бұзып олардың жосықсыздығына байланысты сотқа шағым түсірілді. Бүгінгі күні жаңа мердігер анықталды. Төленбей қалған, өтелмей қалған еңбекақы қарыздары жақын арада шешім қабылданып өтелетін болады.

Құжаттарды заңдастыру үшін кемінде 10 күн қажет. Ал, жанашыры жоқ жандарды тастап кетуге дәті шыдамаған әлеуметтік қызметкерлердің тағы бір ай жалақысыз жұмыс істеуіне тура келеді.

 

Болат АМАНБАЕВ   

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ БИЗНЕСТЕГІ КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮ
19:19, 21 мамыр 2019
ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ БИЗНЕСТЕГІ КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар