ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖЕР ЖЕТІСПЕЙДІ

17:14, 28 маусым 2020

Павлодардың іргесіндегі Ақсу қаласына қарасты ауылдарда жайылымдық жер жоқ. Ал мұндағы шаруалар Елбасының Моно қалаларды дамыту бағдарламасына сай, мал шаруашылығын дамыту үшін төрт түліктің санын көбейткен. Қарыстай жерге қолдары жетпей жүрген шаруалардың арызына құлақ асатын да ешкім жоқ. Жергілікті әкімдік қағазбастылыққа салып өтініштерді дер уақытында қарамай отыр дейді олар.

«Бауыржан» шаруа қожалығы 25 жылдың ішінде 200 бас малды 3,5 мыңға жеткізді. Қой, жылқы және етті ірі қара мал өсіреді. Төрт түлікті тағы көбейтер еді, бірақ жайылым  тар.

Жамбыл Түсіпбеков, шаруа қожалығының басшысы:

Тап осы жердің өзінде 1 мыңдай жылқы, 400 бас қара мал тұр. Жайылым жетпейді. Бірақ ауылдық округ округ бойынша бос жерлер әлі көп. Соны сұраған жер осыдан 35 шақырымжай жерде еді. Соны сұраған едік. Егінімзде жақын сол жерде. Сол әлі бүгінгі күнге дейін шешілмей тұр. 

Жайылым сұрап, өтініш жазғалы  жыл өтті.  Бірақ Ақсу қаласы әкімшілігінен осы күнге дейін жауап жоқ.

Болат Аманбаев, тілші:

Биыл аймақта жауын жоқ. Қырдағы алқаптар қурап кетті. Міне төрт түлік тұяғымен тапталған жердің шаңы шығып жатыр. Осыдан ірі қараның көзіне ақ түсіп, ауру таралуда.

Жағдай қиындаған соң,  Жамбыл Түсіпбеков облыс орталығындағы өкілетті органдарға шағым түсірді.

Жамбыл Түсіпбеков, шаруа қожалығының басшысы:

Ресми әлі жауап берілген жоқ. Олар сол құқықтық бөлімнің мынау жерге орналастыру жобасы берілген уақытынан кейін 7 күнде қаулы шығарып, қолымызға беру керек. Енді ол заң, жер кодексінде солай айтылады. Соны істемейді, білмеймін неге екенін.

Әкімшіліктің құқықтық бөліміндегілер ресми жауап жер бөліміне жіберілген-дейді. Яғни, бір ғимараттың ішінде отырған  екі бөлім өзара хат алмасып, оны арызданушыға жеткізе алмай отыр.

Асқар Астаев, Ақсу қалалық әкімшілігінің мемлекеттік құқықтық бөлімінің басшысы:

Берілу, алу мүмкіншілігі бар. Бірақ ол кісінің бүгінгі дайындап әкелген құжаттары жаңағы ҚР-ы заңнамасына, жер кодексіне сәйкес келмейді. Ол кісіге осы ұсынылған жер учаскесі бойынша біз заңнамада белгіленген тәртіппен жауабын береміз.

Дегенмен бұл мәселені сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өз бақылауына алды.

Назымбек Бекжанов, сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

Негізі жер алуға өтініш берген кезде заңнамалық тәртібі түсіндірілмеген. Және өтініштің қаралу мерзімін өткізіп жіберген. Арызданушы бос жатқан жерді сұрап отыр.Бұл жерге қызыққан басқа адам жоқ. Демек біз сыбайлас жемқорлық орын алуы мүмкін деген деректерді қарастырамыз.

Былтыр осы Ақсуда кәсіпкерден балық өсіретін тоғанды әкімшілік  тартып алмақ болғанда жергілікті биліктің заңсыз  әрекетіне тосқауыл қойылды. Ал, биыл мал жаятын жер таппай  Қалқаман ауылы әкімдігінің алдына төрт түлігін айдап апарған тұрғындардың  мәселесі тағы да құзырлы органның аралсуынан кейін оң шешілді.  Әйтсе де жер телімдеріне қатысты  Ақсу қаласы әкімдігіне арызданушылардың қатары азаяр емес. 

 

Болат АМАНБАЕВ

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚСУДАҒЫ ДӘРІХАНАЛАРҒА РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
11:23, 15 шілде 2020
АҚСУДАҒЫ ДӘРІХАНАЛАРҒА РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар