ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

«ZEREK BALA» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

20:03, 3 шілде 2020

Павлодарда мектепке дейінгі балаларға арналған білім орталығы ашылды. 230 орынға шақталған мекемеде домбыра мен түрлі тіл үйірмелері жұмыс істейді.

«Зерек бала» орталығы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде жұмыс істейді. Ғимаратты қайта жөндеу мен жабдықтауға жұмсалған 300 миллион теңгеге жуық шығынды оны 15 жылға сату құқығынсыз сенімді басқаруға алған мекеменшік компания өтеді. Аталмыш компания білім беру қызметі мен түрлі үйірмелер жұмысын ұсынады. Сонымен қатар, «Language mix» тіл студиясы, балалар спорт залында фитнеспен, спорттық акробатика және гимнастикамен айналыса алады. Мекеменің музыкалық-ритмикалық студиясында ритмика мен балеттен үйірмелер өткізіледі. Ал, медициналық блокта балалардың респираторлық ауруларының алдын алуға арналған тұздық бөлме қарастырылған

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Ішінде жөндеу жұмыстары бітті. Жеке инвестор өзінің қаражатына жөндеу жұмыстарын аяқтады. Енді біз мемлекеттік бюджеттік қаражатты бөліп, жаңа 230 біздің кішкентай павлодарлықтарға осындай балабақша беру жоспарланып отыр.

Жақын арада «Zerek Bala» орталығы балалар қабылдауын аяқтап, жұмысқа толыққанды кіріспек.

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар