ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДАҒЫ САРЫАРҚА МӨЛТЕК АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ Толығырақ

ЗЕЛЕНСТРОЙ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ШЕШІЛЕТІНІНЕ ТҰРҒЫНДАР КҮМӘНМЕН ҚАРАЙДЫ

16:34, 12 сәуір 2018

Өткен аптада «Ертіс-Ақпарат» жаңалықтар топтамасынан Зеленстрой ауданындағы бірқатар проблемалар жайлы бейнесюжет көрсетілген болатын. Онда 30 жыл бойы күрмеуі шешілмеген дренаж жүйесі жайлы айтылды. Өзекті түйткілді Павлодар қаласының әкімі назарына алып, күні кеше аталған мөлтек ауданының тұрғындарымен кездесті. Сауалдарына жауап берді. Десе де, мәселенің шешілетініне павлодарлықтар күмәнмен қарайды.

Күлжазира Әмірқұлова қалаға Лебяжі ауданынан осыдан 20 жыл бұрын көшіп келген. Зеленстрой шағын ауданынан жер телімін сатып алып, үй тұрғызған. Қазір шаһардың дәл осы аумағын таңдағанына өкінетінін айтады. Мөлтек ауданның дренажды жүйесі дұрыс жұмыс істемейді. Салдарынан су жаңа үйінің жертөлесін су басады.

КҮЛЖАЗИРА ӘМІРҚҰЛОВА, Зеленстрой шағын ауданының тұрғыны

Цементироватетіп қойған қайда кетеді ол су

Цефта көшесінің тұрғыны Елена Далабаева үйдің ауласында бақша салуға үлкен аумақ барын айтады. Бірақ игілігін көрмеймін,- дейді. Салған жеміс-жидек пен көкөністің көшеттері жер асты мен жаңбыр-қар суынан шіріп кетеді. Айтуынша, мәселе 20 жыл бойы шешілмей келеді. Дренажды жүйені салғанда жұмыс шала-шарпы жүргізіледі.

ЕЛЕНА ДАЛАБАЕВА, Зеленстрой шағын ауданының тұрғыны

Вы знаете что мне страшно –  пускать нельзя  разная высота

Шаһар басшысы мен ТҮКШ бөлімінің жетекшісіне Зеленстрой тұрғындары әр алуан сауалдарын жолдады. Жаяу жүргіншілер жолағының жоқтығы, жарықтандыру мәселесі мен асфальт төсеу ісі алаңдатады.

Анықталғандай, былтыр аталған аумақтағы 3,5 шақырымға дренаж жүйесі ашық түрде өткізілген. Зікірия Сұлтанғазинов бұл жұмыстар биыл да жалғасатынын айтты. Бұдан бөлек, 1-маусымға дейін Зеленстрой ауданын жарықтандыру мәселесі 100 пайыз шешілмек. Аталған аумақтағы 15 көшеде жарық жоқ. 

Салтанат НЫСАНБЕК

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары, Зеленстрой, проблема, 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫ АЯСЫНДА КЕНЖЕКӨЛ АУЫЛЫНДА  ЖАҢА ДҮКЕН АШЫЛДЫ
02:16, 15 желтоқсан 2018
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДА...
Толығырақ...
ЕРТІС АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР ҚАТАРЫ ЖАҢА ЕСІМДЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ
01:46, 15 желтоқсан 2018
ЕРТІС АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР ҚАТАРЫ ЖАҢА ЕСІМДЕРМЕН ТО...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
18:15, 11 желтоқсан 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАССЕЙН АШЫЛДЫ
12:29, 13 желтоқсан 2018
ПАВЛОДАРДА ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАССЕЙН АШЫЛДЫ
Толығырақ...