ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ЗАРДАП ШЕККЕН КӘСІПКЕР

10:50, 14 қыркүйек 2020

Бүгін отқа оранған сауда үйінің бутигі зардап шеккен кəсіпкермен тілшілеріміз тілдесіп қайтты. Напақасын тауып, отбасын асырап отырған Әмина Әділханова болған жағдайдан әлі есін жимаған. Жылдар бойы жасалған жұмысым көкке ұшты дейді.

Бұл кәсіпкер Əмина  Әділханованың бүгін жанған сауда нүктесінің көрінісі.   Ол 20 шаршы метр аумақта кондитерлік өнімдерді дайындауға арналған жабдықтарды сатумен 9 жыл айналысқан. Тауарларды Ресейден əкелген. Бүгінгі жалын қаншама миллионның тауары мен еңбегін көкке ұшырды деп жылап отыр.

Әмина Әділханова, кәсіпкер: 

Отделім жанып кетті полностью. Түк қалған жоқ. Холодильникатар, я всегда проверл 9 жыл тұрмын. Ештеңе қалмады. Білмеймін рас айтсам. Может удлинитель. Я незнаю. Охрана келгенде сначала счетчик выбило дит. Білмеймін рас па жоқ па. Видеокамнру попросила. Әлі ештеңе берген жоқ. Мен даже қыздарға рахмет айтамын. Көп көп рахмет.

Әмина Әділханованың сөзінше,  өзіндей 4 кәсіпкердің сауда нүктесі зардап шеккен. Ендігі үміт оқиғаның жай жапсарын анықтап жатқан криминалистерде дейді.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар