ШҰҒЫЛ! Қ.ТОҚАЕВ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ Толығырақ

ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАН АҚСУ ТҰРЫҒЫНЫ ҰСТАЛДЫ

20:36, 11 сәуір 2019

Рұқсат етілмеген құралмен балық аулаған Ақсу қаласының тұрғыны қолға түсті. Қазір оның үстінен әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғалып, сотқа жіберілді.

Ақсу қаласының табиғатты қорғау сақшылары кезекті рейд барысында бір тұрғынды қолға түсірді. Тексеріс барысында анықталғандай 46 жастағы балықшы мас күйінде және  тыйым салынға резеңке қайығында ау, төрт бірдей моно- тор  құралдары табылған. Қазір полицейлер оның үстінен әкімшілік іс қозғап,  сотқа жіберді.    

Жанна Біләлова, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі

Ақсу қаласында 46 жастағы тұрғын резеңке қайықпен ұсталды. Ол тыйым салынған төрт моно-торды аулау құралын орнатқан. Құқық бұзушы тұлғаға 383 бабының  бойынша әкімшілік жауапкершілікке жүктелді.Материал шешімін қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберіледі.

Жалпы, табиғат қорғау полицейлері жыл басынан бері 100 рет рейдтік шара өткізіп, 115 браконьерді қолға түсірген.

 

Малика АХМЕТОВА

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар