ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

ЫСТЫҚ СУ МӘСЕЛЕСІ

18:27, 12 қыркүйек 2019

Соңғы техникалық мәліметтер бойынша, Павлодар қаласындағы 1285 көп қабатты үйлерден жылу маусымына 745 тұрғын үй ғана дайын болып шықты. Ал, әлеуметтік нысандардың әзірлігі 100 пайызды құрайды. Алайда, қазіргі уақытта қала бойынша 369 үйде ыстық су жоқ.

Қалалық мәслихат депутаттары жыл сайын орын алатын бұл проблеманың шешілуін қатаң талап етті. Жөндеу жұмыстары әдеттегідей  көктемнің сәуір айынан басталып, күздің қара суығына дейін созылады. Депутаттар ескі құбырларды жамағанша, қала құбырларын жаңартуды ұсынды. Ал жауапты мамандар өз кезегінде  құбырлардың  қалпына келтірілуі, жалпы барлық  қажетті барлық жұмыстардың уақытымен орындалып жатқандығын айтып ақталды.

Гүлнәр Қайдарова, қалалық мәслихаттың депутаты:

Пәтерлерге ыстық су қашан беріледі?Жаз бойы ыстық су болған жоқ уйлерде? Ыстық су  бағасы қайтадан қаралады ма?

Галина Волкова, «Павлодарские тепловые сети» ЖШС тұтынушылармен жұмыс істеу басқармасының жетекшісі:

Перевод әйел адам «Ыстық су жоқ кезеңде оның сомасы төлемге қосылмайды. Жөндеу жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде. Күзгі уақытта тексеріс кезінде, көп құбырлардың бұзылғандығы белгілі болды. Күрделі  жұмыстар кезеңі әлі аяқталған жоқ, жоспар бойынша осы қыркейек айының соңына дейін аяқталуы тиіс Жөндеу жұмыстарының аяқталу уақыты павлодар энерго сайтында белгіленген.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...