ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ЫСТЫҚ СУ ҚАШАН БЕРІЛЕДІ?

21:42, 15 қыркүйек 2020

Күз келіп, күн суыта бастады. Жаз бойы жасалған жұмыстар қорытындыланып жатыр. Алайда Бектұров көшесі 62 мекенжайындағы үйдің тұрғындары ыстық суды мамырдан бері күтіп отырмыз деп арнамызға хабарласты. Сонымен мәселе қашан шешімін таппақ?

Бұл Бектұров көшесі 62 үйінің тұрғындары. Олар үйлерінде мамыр айынан бері ыстық су жоқ деп шағымдануда. Ал  далада күз келіп, күн суыта бастады. Ыстық суға зар болып отырған олар жылда туындайтын мәселе еді, бірақ биыл тіптен созылып кеткендігін айтады.

Фаина Смоленская, Бектұров көшесі 62 үйінің тұрғыны:

Біздің үйде төрт ай бойы ыстық су жоқ. Тас ғасырында тұрып жатқандаймыз. Жылу желілерінің негізгі мақсты құбырды жөндеу, олар біздің көзімізге 60 см-де көлемді жөндеді қалғаны солай қалды. Содан 1 күн ыстық су берді, жертөле мен бірінші қабатта буланып тұман болып кетті. сосын қайта өшіруге тура келді, содан міне әлі ыстық су жоқ.

Мәселе ыстық суда ғана емес, ыстық суды жіберу үшін ескі құбырларды ауыстыру қажет. Бұл жөнінде тұрғындар ПИК-ке жүгінген, алайда ондағылар да мардымды жауап бере алмаған.

Надежда Пизикова, Бектұров көшесі 62 үйінің тұрғыны:

Жаз болды, саяжайға барып жүрді тұрғындар. Адамдар үйге келіп жуынғысы келеді, ал ыстық су жоқ. Сосын кастрөлдерімізді алып шығып, су ысытамыз. Міне жағдай осылай. Ең қызығы, ПИК-прен жылу желілері мәселені бір-біріне итереді. Бұл біздің ісіміз емес, біздің жұмысымыз емес дейді. Біз не істейміз?

Үйге ыстық суды жеткізетін құбырлардың барлығы шіріп кеткен. Жертөледегі құбырлар ПИК-пен біртіндеп ауыстырылуда. Алайда жертөледен тыс құбырлар көрші аумаққа тиесілі. Сондықтан ол жақтағылардады да жаңарту қажет. Ал ол аумақ кімге тиесілі екені тағы бар.

Алексей Макаренко, Бектұров көшесі 62 үйінің тұрғыны:

Бізді мазалайтын басты сұрақ. Мына жақын жердегі аумақ кімге тиесілі екені. Оны анықтай алмай біз ешқандай мәселені шеше алмаймыз. Себебі сол жақтан келген құбырлар шіріген.  Не су жоқ, не жылу болмайды. Жылдан жылға түрлі проблемалар атып шығады. Кім кінәлі екенін таб алмай далмыз.

Осы ретте күрмеуі қиын мәселенің шешімін табу үшін «ПавлодарЭнерго» Акционерлік қоғамына хабарластық. Олар өз кезегінде аталмыш үйде жылу желілерінде ақау барын жеткізді.

Екатерина Байжұманова, «Павлодар энерго» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің маманы:

Бектұров 62 көшесінде ыстық болмауы жылу желілеріндегі ақаулармен байланысты.  Ол жұмыстар 21 қыркүйекте жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Бұл алғашқы ақау емес, бірншісі мамырда болды. Ол жылу желілерінің тозуымен байланысты.

Ал, «Павлодарэнерго» жылу маусымына Эылу Энерго орталықтары мен жылу желлерінің дайын екенін жеткізді. Барлығы әкімдіктің қауылысына байланысты.   Қыс болса жақындап қалды. Ал, ыстық су мәселесін шеше алмай отырған тұрғындарға жылу енді қалай берілмек? Бұл Бектұров көшесінің ғана емес, жаз бойы ыстық су көрмеген павлодарлықтарды мазалайтын сұрақ секілді.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...