ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОННЫҢ БЕЙБІТ ӨМІРІ

13:00, 26 қаңтар 2020

Жақын арада Семей ядролық полигоны орналасқан жердің 40 пайызы ауылшаруашылық айналымға қайтарылады. «Бұрынғы Семей полигоны туралы» заң жобасының тұжырымдамасы дайындалуда. Ластанған жерлердің аумағы едәуір қысқаратын жаңа карта жасалады.

Полигон негізінде құрылған ұлттық ядролық орталық Қазақстан мен әлемдік ғылымның орталығына айналды. Ғалымдардың жетістіктері халықаралық деңгейде мойындалды. Бұрынғы полигонның барлық әлеуеті қазіргі таңда бейбіт мақсаттарға бағытталған. Ұлттық ядролық орталықтың ғалымдары радиоэкологиялық зерттеулердің барлық спектрін тұрақты жүргізеді. Радиациялық жағдайды тек полигонда ғана емес, сонымен қатар оған іргелес аумақтарда да үнемі қадағаланып отырылады.

Эрлан Батырбеков, ұлттық ядролық орталықтың бас директоры (Курчатов қаласы):

Полигон аумағы 40 немесе 50% қысқарады. Тек Ұлттық Ядро Орталық нысандары қалады. Жаңа карта жасалады және жаңа шекаралар белгіленетін болады.

Айта кетерлігі, радиоэкология саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Бүгінгі таңда ластанған жерлердің 70% -ы қаралған. Сондай-ақ, олардың бір бөлігі ауылшаруашылық айналымға қайтарылады. Ал ең көп ластанған аумақтар радиациялық қалдықтарды көму үшін қолданылады

Эрлан Батырбеков, ұлттық ядролық орталықтың бас директоры (Курчатов қаласы):

Біздің жұмысымызды полигонның басқа аумақтарында жүргізу маңызды. Біз «Казцинк» компаниясымен өндірістік қалдықтарды жою бойынша жұмыс жасаймыз, яғни Балапан сияқты пайдалануға жарамсыз жерлерде радиоактивті қалдықтар шығарылады. Қазіргі таңда, 80 мың тонна жойылды.

Өткен жылдың басты оқиғасы ретінде, Ұлттық ядролық орталықтың ғалымдары мен қазақстандық ядролық физиктер TОKОMAK KTM қондырғысының физикалық іске қосылуын атап өтті. ТОКОМАК КТМ-ді іске қосу үшін бірнеше жылдар уақыт кеткен. Аталмыш қондырғы, термоядролық реактор құру жөніндегі халықаралық жоба.

Эрлан Батырбеков, ұлттық ядролық орталықтың бас директоры (Курчатов қаласы):

Қазақстан үшін Такамактың бастамасы үлкен оқиға. Физикалық іске қосудың арқасында Қазақстан бірегей қондырғысы бар, бірегей термоядролық технологияны жылжытуға мүмкіндік беретін мемлекеттер қатарына қосылды.

Полигонды қауіпсіз күйге келтіру үшін барлық бағдарлама жасалып, оның барлық қуатты техникалық әлеуеті мен дамыған инфрақұрылымы ғылыми мақсаттарға бағытталған. Бүгінде Семей полигоны ғылыми қалаға айналды. Зертханаларда ғалымдар адамдардың бейбіт және қауіпсіз өмір сүруі үшін жұмыс жасауда.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ, Гульмира БАҚТИЯРОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...