ШҰҒЫЛ! ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУДАҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР Толығырақ

ВОКЗАЛДАРҒА НАЗАР АУДАРЫЛДЫ

21:03, 13 қаңтар 2020

Авто және теміржол вокзалдарының жүргіншілерге жасап отырған жағдайы қандай? Бекеттердің айналасы қаншалықты тазалықты сақтай білген? Жерасты жолдары мен перронға өту өткелдері адамдар үшін қаншалықты қолайлы? Жарықтандыру мәселесі қалай?

Аймақ басшысы осы сауалдардың жауабына өзі барып көз жеткізді. Авто және теміржол вокзалдарында жылу жеткіліксіз. Оны көп жол жүретін жүргіншілер де растай алады. Қазір теміржол бекетінде жылыту жүйесі жаңартылып жатыр. Жылу жеткілікті болғанымен оны сақтап тұру мәселесі кезекте тұр. Осы ретте вокзал ғимаратының қабырға қаптамаларын ауыстырып, қас бетіне жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Вокзал маңындағы көлік қозғалысын ретке келтіру де күн тәртібіндегі мәселенің бірі. Қазір вокзал маңында жаяу жүргіншілер мен көліктер бір бірінің қозғалысына  қолайсыздық тудырады.  Вокзалға кіретін шығатын жалғыз ғана жол бар. Жақын болашақта бұл аумақ ретке келтіріледі.  Эскиздік жобасы жасалып, автотұрақтың, вокзалға көлікпен келушілердің және таксилер тұратын орындары белгіленеді. Шлагбаум орнатылып, шәй ішетін жылы аялдамалар жасалады. Аймақ басшысы, бұл аумақта жаяу жүргіншілер мен көліктердің көп болатынын ескеріп, жол қауіпсіздігі мәселесіне баса назар аудару керектігін тапсырды. Болат Бақауов, Назарбаев даңғылы мен Торайғыров көшесі қиылысындағы жүктемені азайту үшін жаяу жүргіншілердің көпір жолын  салу мәселесін қарастыратынын айтты.   

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
12:52, 17 қаңтар 2020
БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...