ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУДАҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР

10:09, 22 қаңтар 2020

Биылғы жылдың 1 ақпан айынан бастап валюта айырбастау операцияларын ұйымдастару бойынша жаңа ережелер қолданысқа енгізіледі. Айырбастау бекеттерінің күн тәртібі де өзгереді. Жалпы, ақша айырбастау төңірегінде тағы қандай өзгерістер енгізілгелі жатыр?

Енді ақша айырбастау пунктері әр операцияны журналға тіркеп отырады. Яғни, ақпаннан бастап валюта айырбастаған адамның аты-жөні мен жеке куәлігінің нөмірі жазылады. Әр айырбастау операциясынан кейін қызметкерлер журналға адамның жеке куәлігіндегі мәліметтерді, берілген күнін, құжат нөмірін, жарамдылық мерзімін жазып алады.

Ердос Спандияров, ҚР ұлттық банкі ПОФ директорының орынбасары:

Бұрын 500 мыңға дейінгі сомманы айырбастаған жағдайда адамдар тіркелмеген. Бұл мәліметтерді тұтынушылардың өздері айтуда.

Бұрын жарты миллион теңгеден астам сомаға валюта алғанда, азамат жеке куәлігін көрсетіп, мекенжайды айтатын. Енді 1 доллар айырбастасаңыз да, жеке куәлік керек, бірақ мекенжай сұралмайды. Бұл процесс автоматты түрде жүзеге асады. Арнайы құрылғы куәліктегі чип арқылы ондағы барлық ақпаратты жүйеге енгізеді.

Ердос Спандияров, ҚР ұлттық банкі ПОФ директорының орынбасары:

Енгізілген өзгерістер біріншіден, айырбастау пунктерінің клиенттеріне және нысандардың өздерінде қауіпсіздік шараларын жоғарылатады. Сондай-ақ, түнгі уақыттарда шетел валютасын сату және сатып алу бағамдарын өзгертпеуге жол береді. Әрине, бұл халықтың арасында шу болмауына әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, бұдан былай ақша айырбастау пунктері таңғы 9-дан кешкі 20.00-ге дейін ғана жұмыс істейтін болады.  Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, жұмыс кестесі айырбастау пункттері мен олардың клиенттерінің қауіпсіздігін жақсартуға байланысты өзгеріп отыр.

Ердос Спандияров, ҚР ұлттық банкі ПОФ директорының орынбасары:

1 ақпаннан бастап айырбастау пунктері таңертеңгі сағат 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін Жұмыс жасауы керек. Сонымен қатар, теміржол сапаржайларында және әуежайда, мемлекеттік шекаралық автомобилдік өткізу пунктерінде  айырбастау пунктері Тәулік бойы жұмыс жасауға құқылы.

Бұл енгізілетін өзгерістер әлемнің көптеген елінде кездесетін халықаралық тәжірбие, дейді мамандар. Ал, жалпы аймақ бойынша 123 валюта айырбастау пунктері жұмыс істейді.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар