ШҰҒЫЛ! ШЕКАРАДАН ӨТУ ТӘРТІБІ РЕТТЕЛЕДІ Толығырақ

"ҮЗДІК ҮЕҰ-2018" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

11:54, 8 қараша 2018

Павлодарда үкіметтік емес ұйымдардың VIII азаматтық форумы өз мәресіне жетті. Форумның жеті жеңімпазы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астанада қаласында өтетін үкіметтік емес ұйымдар мәжілісіне қатысуға мүмкіндік алды.

Қазақстанның барлық өңірлерінде өтетін бұл форум  облысымыздың Үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес өкілдері арасындағы үшжақты ынтымақтастықты талқылауға арналған. Мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие азаматтық форумның  мақсаты - Үкіметтік емес ұйымдарды тиімді дамыту мәселерін талқылап,  Астанада өтетін республикалық форумға қатысушыларды іріктеу. Облысымызда 600 ден астам үкіметтік емес ұйым бар. Оның үш жүзі қағаз жүзінде ғана тіркелген. 200-ге тарта ұйымдар арасынан отыз сегізі іріктеліп, соның жетісі жеңімпаз атанды. Облыс әкімінің қолынан марапат алғандардың қатарында «Екібастұз балалар қоры» ұйымы да бар.

ТАТЬЯНА ШМИДТ -  «ЕКІБАСТҰЗ БАЛАЛАР ҚОРЫ» ҰЙЫМЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

«Екібастұз балалар қоры» ұйымы 18 жылдан аса уақыт жұмыс жасап келеді. Қорымыздың басты мақсаты Екібастұз аймаығндағы қиын жағдайларға тап болған балаларға көмек беру болып табылады. Бұл жолда біз  үлкен жетістіктерге жеттік. Көптеген бағдарламаларды жүзеге асырамыз. Кейбір тәжірибелеріміз жоғары деңгейде бағаланып, республикалық көлемде қолданылып келеді.

Форум барысында облыс әкімі Болат Бақауов өңіріміздің ең үздік Үкіметтік емес ұйымдарын   бір жерге шоғырландырмақ. Осы мақсатта жалпы ауданы 500 шаршы метр болатын азаматттық альянс ғимараты өз жұмысын бастайды.

 

БОЛАТ БАҚАУОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Біз барлығымыз азаматтық қоғамның мүшесіміз. Барлық Үкіметтік емес ұйымдардың бір жерде орналасқаны барлығына да қолайлы болады деп ойлаймын. Жыл соңына дейін азаматтық қоғам үйі өз есігін айқара ашады. Оның қызметтері  барлық үкіметтік емес ұйымдарға қол жетімді болады. Бүгінгі күні мемлекеттік мекемелер тарапынан бірқатар функцияларды қоғамдық ұйымдарға беру, азаматтық қоғаммен тығыз жұмыс жасау міндеттері шешілуде. 
Аталған форум Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізілетінін айта кеткен жөн. Астана қаласында 27 қараша күні Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен  Үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық форумы өтетін болады.

 

Марина Сахарова

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

№40 мектеп қабырғасында әскери оқу-жаттығу спорттық жарысы өтті
22:23, 16 қаңтар 2019
№40 мектеп қабырғасында әскери оқу-жаттығу спорттық жарысы ө...
Толығырақ...
«КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» ПРАВОСЛАВТЫҚ МЕРЕКЕСІНЕ  18 ОЙЫҚ ӘЗІРЛЕНДІ
22:21, 16 қаңтар 2019
«КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» ПРАВОСЛАВТЫҚ МЕРЕКЕСІНЕ 18 ОЙЫҚ ӘЗІРЛЕН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАР ХАНШАЙЫМЫ» ЕРТЕГІСІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
19:20, 14 қаңтар 2019
«ҚАР ХАНШАЙЫМЫ» ЕРТЕГІСІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
Толығырақ...