ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ҰЛЫЛАРДЫ ҰЛЫҚТАЙЫҚ

10:52, 19 ақпан 2020

Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінде «Ұлыларды ұлықтайық» акция басталды. Бұл шара Ұлы Абайдың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған. Науқанның басты мақсаты - қос тұлғаның нақыл сөздерін автокөліктерге жабыстырып, ұлылардың шығармашылығын осы арқылы көпшілікке насихаттау.

Дөңгелек үстел қазақтың қос алыбы Әбу Насыр Әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының мерейтойларына арналды. Сондай-ақ, музей қорында сақталған ақынның 1940, 1945, 1950 жылдары – араб және төте жазумен жазылған кітаптарынан көрме ұйымдастырылды. Әл-Фарабидің ғылым академиясынан алынған қолжазбаларының көшірмелері де қойылды. Көрмені тамашалауға келген студенттер керемет әсер алды.

Әсем Майлыбай, студент:

Ол кісілердің көбінесе шығармаларымен ғана емес, сонымен қатар артына қалдырған көптеген мұраларын да көріп, өзіміз таңырқадық. Мұндай музейлерге көп бармаймын. Бірақ, осындай ұлы кісілердің шығармаларын оқуға тырысамын.

Айта кетерлігі, бұл акция Ертіс-Баян өңірінде алғаш рет қолға алынды. Кез келген адам қос ғұламаның нақыл сөздері жабыстырылған жапсырмаларды қолдана алады. Автокөлікке арналған жапсырмаларды мұражайға келіп, тегін алуға мүмкіндік бар. Әрбіреуіне Абай мен Әль-Фарабидің 15 нақыл сөзі іріктелді. Болашақта, олардың саны арта түспек. Тәрбиелік мәні зор сөздер арқылы жас ұрпақты тәрбиелейміз дейді, ұйымдастырушылар.

Ербол Қайыров, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің әдебиет бөлімінің басшысы:

Дөңгелек үстел барысында қос алыптың айтылмаған, осындай келіп жатқан ең бір өзгешелеуі біз бүгінгі күні абайтанушыларды немесе Әл-Фарабиді жақсы білетін адамдарды емес, жергілікті өзіміздің қаланың қарапайым тұрғындарын, студенттерді шақырып, солармен ой бөлісу.

Шара соңында, дөңгелек үстелге қатысқан қала тұрғындары мен студенттер ұлы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін бірге орындады.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...