ШҰҒЫЛ! ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯНЫҢ 49- ОТЫРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ Толығырақ

ҰЛЫ ЖЕҢІС ҰРПАҚҚА АМАНАТ

20:21, 11 сәуір 2019

Екінші дүниежүзілік соғыста жанқиярлық танытқан өз жерлестеріміздің ерлігі жайлы айтуды жалғастырамыз. Жеңіс күнінің қарсаңында біздің тілшілеріміз соғыс ардагерлері және олардың туыстарымен кездесіп, батырлар жайлы естеліктер жинайды.

«Панфиловшылар» іздестіру жасағының сарбазы Марат Әменов атасы Рахмет Әменовті көзі тірісінде көрмеді, тек қана естелік қалды. Марат Әменовтың атасы сол сұрапыл соғысқа 1942 жылы Павлодар облысы Үрлітөбе ауданы, қазіргі Железин ауданынан аттанды.  Ол 253-ші атқыштар дивизиясы 983-ші атқыштар полкіне түсті. Рахмет Әменов майданға 39 жасында кеткен еді,  ол көп балалы отбасының отағасы болды.

Марат Әменов, Рахмет Әменовтың немересі, «Панфиловшылар» іздесстіру жасағының сарбазы

Атамды майданға шақырған кезде дәл сол күні 5 бала дүниеге келді, яғни менің тәтем.  Новгородта Демян қазандығы операциясы жүріп жатты.  Сол жерде немістер дәлізді сындырып өткен, атам сол жерге түсіп, қаза тапты.

Марат Әменов атасынан дерек іздеп «Панфиловшылар» іздестіру жасағы құрамымен сол қанды шайқас болған орынға да барды.

Марат Әменов, Рахмет Әменовтың немересі, «Панфиловшылар» іздесстіру жасағының сарбазы

20 сәуір күні жүзінші, жүз бірінші атқыштар дивизиясы қаза болған  Ржевке баруды жоспарлап отырмыз.

Марат Әменов атасының қайда жерленгенін білсе де, ол үшін сол қорқынышты соғыс әлі жалғасып жатқандай. Өйткені, қаза болған жауынгерлер жаназасы шығарылып жер қойнауына тапсырылмаған.

 

Марина САХАРОВА, Сабина РАХИМБАЙ

 

Тақырып бойынша материалдар

Қ.СӘТБАЕВТЫҢ 120 ЖЫЛДЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:07, 19 сәуір 2019
Қ.СӘТБАЕВТЫҢ 120 ЖЫЛДЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» АТТЫ АКЦИЯ ӨТТІ
20:06, 19 сәуір 2019
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» АТТЫ АКЦИЯ ӨТТІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА ЖАСТАР ДА ҮЛЕС ҚОСАДЫ
20:04, 19 сәуір 2019
ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА ЖАСТАР ДА ҮЛЕС ҚОСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2 АЙДАН СОҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ
10:42, 16 сәуір 2019
2 АЙДАН СОҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ
Толығырақ...