ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ КЕМЕҢГЕР АҚЫНЫ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

22:16, 15 қыркүйек 2020

11-ші 13-ші қыркүйек аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ақтоғай ауданының ұстаздары бірлесіп Абай еліне экспедия жасады. Шараның басты мақсаты қандай? Қанша адам қатысты?

«Ұлы даланың кемеңгер ақыны». Дәл осындай атпен Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық филиалының мүшелері мен Ақтоғайдың мұғалімдері бірлесіп ғылыми-сарапшылық экспедиция жасады. Аталмыш шара Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізілді.

Ерболат Нұқ, Қараоба ауылы мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:

Басты мақсатымыз бабамыз жайлы білім көкжиегімізді кеңейту. Әсіресе көпшілігі әдиебиетші жастар. Өзіміздің көрген білгенімізді өзіміздің оқушыларымызға жеткіземіз деген ойдамыз.

Басты бағыт Ақтоғай-Семей-Жидебай-Павлодар. Шараның негізгі мақсаты - павлодарлық педагог интелегенцияның сакралды орынға ат басын тіреп, жаңа ақпаратпен танысып, Абай өлкесінің тарих, мәдениетіне тереңірек қанығу.  Одан бөлек, қара Ертіс жағасындағы аймақтардың тарихи-мәдени, табиғи-ландшафты жақтарын көріп, насихаттау.

Хабиба Әбілова, ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі:

Әрине алып Абай мен Мұхтар, Шәкәрім өскен ортаға бару сол жердің ауасымен тыныстау біз үшін үлкен зор бақыт. Рухнаи байлақы аламыз деп ойлаймыз.

Жалпы, экспедиция бірнеше бағытта болмақ. Ол патриоттық, әдістемелік, ғылыми-танымдық, ақпараттық. Сондай-ақ, шығыс өңірдегі мемориалды нысандарға баса мән беріледі.

Сәуле  Мамытова, Қазақстан халқы ассамблеясы ПОФ ғылыми-сарапшылық тобының төрайымы:

Иә, Абай туралы көп нәрсе айтуға болады. Бірақ адамгершілік, руханилық туралы айтқан ойлары әлі күнге дейін актуалды. Құндылығын жоғалтпаған. Осы экспедицияға өзімізге көп нәрсе аламыз деп ойлаймын. 

Айта кетейік, экспедиция аяқталғаннан кейін Достық үйінде жиын өткізілді. Онда бұл шараның белсенділеріне сертификаттар табысталды.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...