Ұлттық банк орын алған жағдайға қатысты түсініктеме берді

Ұлттық банк елдегі валюта нарығында орын алған жағдайға қатысты түсініктеме берді. Банк өкілдерінің айтуынша, теңге бағамының ауытқуы АҚШ-тың Ресейге қатысты қосымша санкцияларының негативті әсерінен және ресейлік рубльдің қазіргі жағдайымен тығыз байланысты.

17:34, 3 тамыз 2017   220

Теңге бағамының теңселуіне «БАҚ-та жарияланған спекулятивті пікірлер де әсер еткен дейді мамандар. Ол өз кезегінде АҚШ долларына деген сұранысты одан әрі ұлғайтып жіберген. Салдарынан ішкі валюта нарығында соңғы күндері теңгенің долларға шаққандағы бағамы құбылып тұр. Мұнай бағаларынан бөлек, бағамның қалыптасуына сауда бойынша серіктес мемлекеттердің валюта курсы, төлемдік теңгерім жағдайы, инфляция деңгейі, ҚР Ұлттық банкінің базалық мөлшерлеме, әлемдік проценттік мөлшерлемелер сынды негізгі факторлардың жиынтығы да әсер етеді. Дегенмен, Ұлттық банк айырбас бағамын шектемейді және теңгенің айырбас бағамының еркін айналым режимін ұстанады. «Айырбас курсының қалыптасуы нарық жағдайында екінші деңгейлі банктердің қатысуымен, валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс негізінде жүзеге асады. Қазіргі бағам динамикасын спекулятивтік фактолармен түсіндіруге болады және Ұлттық банк халықтан шетелдік валютаны сатып алуды жөн деп санамайды», - деп өз сөзін түйіндеді Ұлттық банк өкілдері. Сонымен қатар, Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры айырбас бағамы күрт өзгеріп, тұрақсызданған жағдайда интервенция болуы ықтималдығын да жасырмады.

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ресми сайты

140006, Павлодар қаласы, Сұрағанов көш., 21 үй Байланыс телефондары: 8 (7182) 33-90-26