ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ҮКІМЕТ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

19:25, 8 қараша 2019

Үкімет мүшелері Достық үйіндегі кездесуге қатысты. Ол жерде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру барысы кеңінен талқыланды. Үкіметке берілген тапсырмалардың қазіргі таңда қалай орындалып жатқандығы күн тәртібіндегі ең басты мәселе. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызды мәселелер көтеріліп, шешімі қарастырылды.

Қазақстан Республикасының вице-премьері Бердібек Сапарбаев өз сөзінде қазақстандықтардың тұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын жақсартуға жағдай жасалатындығын айтты. Сонымен қатар, азаматтарға лайықты өмір сүру қоғамын қалыптастыру. Әлеуметтік салада бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Өйткені, осы салаға мемлекет тарапынан көңіл аса бөлінеді дейді вице-премьер.

Бердібек Сапарбаев, ҚР премьер министрінің орынбасары:

Тек қана осы өткен он айдың ішінде қазақстандықтарға әлеуметтік атаулы көмекті төлеу үшін 206 миллирд қаржы бөлінді. Алғандардың саны – қазіргі таңда 2 миллион 200, оның ішінде 1 миллион 600 мыңы балалар. Егер былтырғы әрбір адамға берілген көмекті биылғымен салыстыратын болсақ онда ол 2,5 есеге өсті. Ал Жалпы, бөлінген қаражат 9 есе өсті.

Тағы бір өзекті мәселердің бірі – борыштық және тұтынушылық қарыздар. Екі төлемді өтеуге көмектесу мақсатында республикалық бюджеттен 147 миллиард теңге қаражат бөлінген. Бердібек Сапарбаев ең бастысы білім жүйесіне назар аудару керек дейді. Мұғалімдердің мәртебесін арттырып, жалақысын өсіруге бағытталған заң жобасы Үкімет қарауында. Келесі жылдан бастап ұстаздар еңбекақысы 30 пайызға өседі.

Бердібек Сапарбаев, ҚР премьер министрінің орынбасары:

Біз өзіміздің таланты балаларымызды қолдауымыз керек. Қорғауымыз керек. Жағдай жасауымыз керек. Осыған байланысты қазір Тұңғыш Президент қорымен бірге «Ел үміті» деген жобаны жасадық. Оның біріншісін өткенде Ақтөбе облысында старт бердік. Енді, алдағы 15-сі күні Алматы қаласында жалғастырамыз.

Сонымен қатар, тұрғындарды сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету.  Үкіметтің алға қойған мақсаттың бірі - 2025 жылы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 75 жасты құрау керек. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 73 жасты құрайды. Вице министр Бердібек Сапарбаев ең алдымен қымбаттаған дәрі-дәрмектердің бағасын тұрақтандыру керектігін айтты.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА, Сабина РАХЫМБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
12:31, 10 тамыз 2020
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...