ШҰҒЫЛ! ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ҮКІМЕТ МҮШЕЛЕРІ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТА БОЛДЫ

19:30, 8 қараша 2019

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Үкімет мүшелері қарттар мен мүгедектерді оңалту орталығына барды. Онда мекеменің жұмысымен танысты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қаладағы бірнеше нысандарды аралады. Соның бірі - 2012 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан облыстық «Ардагерлер үйі». Осыған дейін ол санаторий қызметін атқарған. Қазіргі уақытта мекемедегі екі бөлім демалушыларға әлеуметтік қызметтің 7 түрін көрсетіледі.

Мархаба Қаратаева, қарттар мен мүгедектерді оңалту орталығының директоры:

Бірінші бөлімде 80 адам демалады, екінші бөлімде 40 адам. Бірінші бөлімге біздің бүкіл аймақтан келеді. Үш қаладан Павлодар, Екібастұз , Ақсудан, содан аудандарлан. Екінші бөлімде күндіз келеді олар жарты күнге ғана келеді. Лазер, магнит, аяқтары, қолдар, коляскада келеді адамдар, сол кісілерге магнитное лечение береміз. Лазер, парафин, дарзенваль, элеткрофорез, сонлай көмек алады.

Жұмыс сапарымен келген Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов -Орталықтағы демалып жатқан ардагерлермен амандасып, қал-жағдайын сұрасты. Біржан Нұрымбетов, сапар барысында елімізде 2008 жылдан бастап қабылданған арнайы әлеуметтік қызмет жобасы аясында жасалып жатқан шаралардың легімен танысты. Қазақстан бойынша арнайы әлеуметтік көмек көрсететін 700-ден астам мекеме бар екен. Олар 121 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді. Үкіметтік емес ұйымдардың қатарында – аймағымыз көш бастап тұр.

Біржан Нұрымбетов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Қазақстан бойынша 177 үкіметтік емес ұйымдар тартылған. Павлодар облысы ол жағынан үздік облыстардың бірі. Бізде 20 үкіметтік емес ұйым Павлодар облысында жұмыс істеп жатыр. Сондықтан, біз осындай жұмыстарды қолдаймыз. Үкіметтік емес ұйымдарға жыл сайын тек қана республикалық бюджеттен жалпы 1.5 миллиардқа дейін мемлекеттік тапсырыс береміз. Жергілікті бюджеттен барлығын қосқанда, 50 миллиардқа дейін жетеді. Сондықтан бұл жұмыс өте қажет.

Бұдан кейін 4,9 миллион теңге көлемінде несие алып өз ісін дамытып отырған кәсіпкер Еркін Жексеновпен кездесті. Осы жылдың тамыз айында алған несиеге 9 бас жылқы сатып алыпты. Болашақта қосымша мал сатып алып, кәсібін кеңейтпекші. Осыдан кейін Еңбек бағдарламысының «бастау бизнес» бағыты бойынша оқып, грант ұтып алған тігінші Светлана Стратенкомен жүздесті. Қазір ол шағын шеберхана ашып, өз ісін дамытуда. Министр несие алып өз кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің орны бөлек дейді.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕЛТОҚСАН МЕРЕКЕЛЕРІ БЕРЕКЕЛІ БОЛАДЫ
10:01, 13 қараша 2019
ЖЕЛТОҚСАН МЕРЕКЕЛЕРІ БЕРЕКЕЛІ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
09:51, 7 қараша 2019
ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...