ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ПАВЛОДАРҒА КЕЛДІ

10:03, 16 қараша 2019

Үкімет басшысы өңірімізге жұмыс сапарымен келді. Асқар Мамин алдымен Ақсу қаласына ат басын бұрып, жүйеқұраушы кәсіпорындардың жұмысына қанық болды. Сондай-ақ, шағын шаһарда салынып жатқан жылу қазандығының құрылысымен танысты. Бұдан кейін Үкімет басшысы облыс орталығын бірқатар нысандарды аралады.

Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында ашылып, ел экономикасына екпін беріп отырған кәспіорындардың бірі «Нефтехим ЛТД» ЖШС. Мұнда, мұнай қалдықтарынан түрлі өнім шығарылады. Өндіріс ошағымен танысқан Асқар Мамин, бұдан кейін жаңадан салынып жатқан «Спорт-Сити» спорт қалашығына барды. Бұл жерде жақын күндері футбол алаңы пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, жеңіл атлетика манежі салынып жатыр. Құрылыстардың қатарында мұз айдыны да бар. Бұдан кейін Үкімет басшысы жақында тапсырылуға тиісті 200 орындық онкология диспансеріне барды. 5 корпустан тұратын аурухана обыр ауруына қарсы озық технологиямен жабдықталған. Бұл жерде 300 ге тарта маман жұмыс істейтін болады. Павлодар қатерлі ісік аурулары кең таралған еліміздегі үш облыстың бірі. 11 мыңнан аса сырқат диспансерлік есепте тұр.  Науқастардың 70 пайызы сәулелік терапия бойынша ем қабылдауға тиіс.

Тельман Әлғожин, облыстық онкологиялық диспансер бас дәрігіерінің орынбасары:

Жаңа онкологиялық орталық көлемі жағынан ғана емес, сырқаттың диагнозын қойып оны емдеу бойыншада орасан пайда әкеледі. Жаңа диспансерге сәулемен емдеуді жылдамдататын желілік құрылғы орнатылды.Оның тиімділігі тіпті керемет. Бұны медицина тілімен қатерлі ісік ауруларын емдеудің «алтын стандарты» дейміз. 

Сонымен қатар Премьер-Министр Асқар Мамин, «Инвесторлар үйінде» шет елдік инвесторлар мен жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, аймақтың инвестиция тарту қабілеті бойынша нақты мәліметтерді саралады.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...