ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

УӘДЕ ОРЫНДАЛДЫ

19:46, 29 қараша 2019

Ертіс телеарнасының челлендж жалғасуда. Осы орайда Железиндік жасөспірімдер Астананың тарихи жеңісіне куә боп қайтты. Аудан әкімі уәдесінде тұрып, ауданның жас футболшыларын Астана мен Манчестр Юнайтед матчына апарып келді.

Қыркүйек айында «Akim sagaty» хабарына қатысқан Железин ауданының әкімі Қанат Қашкиров, «Игі іс» қайырымдылық акциясы аясында аудандағы жасөспірім футболшыларды Астана мен Манчестр Юнайтед матчына апаруға сөз берген болатын.

Мен өз қаражатымнан біздің футбол клубының балаларын  Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Астана мен Манчестр Юнайтедтің матчына жібергім келеді. Біздің жас футболшыларымыз барып келсе олар үшін үлкен стимуль және керемет қуаныш болары сөзсіз. Сонымен қатар, біздің бас қаламызды өз көздерімен көреді.     

Еуропа Лигасында өнер көрсететін «Астана» командасы биылғы топтық турды тұманды Альбионда бастаған. Ол ойында қазақстандық клуб бір доп айырмасымен ғана жеңілген еді. Сол кезде спорт сарапшылары мұны кішігірім сенсацияға бағалаған. Ал, кешегі ойын шынымен де сенсация болды. Ойынның тоғызыншы минутында қонақтар есеп ашқан болатын. Қызыл сойқандарды алаңға капитан болып бастап шыққан Лингард Астананың қорғаушыларын киіп жарып Ненад Эричтің қақпасын дәл көздеді. Бірінші таймда футбол сүйер қауым бұдан басқа гол көре алмады. Екінші таймнның 54 минутында Екібастұздың тумасы, Ұлттық құрама мүшесі Дмитрий Шомко сол аяқпен қақпа торын солқ еткізді.  Арада жеті минут өткенде Астаналықтардың өткір шабуылына төтеп бере алмаған Манчестр ойыншысы Бернард, өз қақпасына гол соғып қазақ елінің жанкүйерлерін қуанышқа бөледі. Ойын осылайша 2:1 есебімен аяқталды. Бұл тарихи жеңіс. Ағылшындықтар қосалқы ойыншыларын алып келді дегенімен жеңістің аты жеңіс. Футбол тарихында алтын әріппен жазылып қалады. Осы бір керемет сәтке, тарихи оқиғаға куә болған Железиндік жасөспірімдердің қуанышында шек жоқ.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ, Гүлмира БАҚТИЯРОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...