ШҰҒЫЛ! КУТУЗОВ КӨШЕСІНІҢ АТАУЫН ӨЗГЕРТУДІ ДЕПУТАТТАР БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ Толығырақ

«Уақытша тіркелу» туралы Заң ел азаматтарының еркін жүріп-тұруын еш шектемейді

11:28, 11 қаңтар 2017

«Уақытша тіркелу» туралы Заң ел азаматтарының еркін жүріп-тұруын еш шектемейді. Ал халыққа қызмет көрсету орталығында аталмыш қызмет түрі 10-15 минут аралағында көрсетіледі. Жалпы, бұл Заңның өзі халықаралық тәжірибелерді ескере отырып қабылданды. Сондықтан құзырлы орган өкілдері тұрғындарға аталмыш ереженің тиімділігі мен маңыздылығын кеңінен түсіндіру жұмыстарын бастады.

Енді тұрғылықты жерінен тысқары жаққа бір айдан асатын мерзімге барған әр қазақстандық  халыққа қызмет көрсету орталығына барып уақытша мекенжайы бойынша тіркеуге тұруы тиіс. Бұл талап қонақүйде тұрып, өзге қалада жұмыс істейтін адамдарға да, өзге қаладағы ауруханада жатып ұзақ емделетін адамдарға да қатысты. Ал, талапты орындамай, тәртіпке бағынбаған азамат 10 АЕК айыппұл төлейді.  Алайда, жыл басталғалы бері енгізілген біршама өзгерістер қоғамда қызу талқыға түсті. Әсіресе, уақытша тіркеу туралы заң. Бұл ретте, халықтың пікірі екіге бөлінді. 

Дегенмен, құзырлы орган өкілдері «тұрғылықты мекен-жай» бойынша тіркеуге тұру әлемдік тәжірибеде бар. Тіркеу еркін жүріп-тұруды шектемейді. Әрі, тіркеуге тұруға небәрі 10-20 минут шамасында уақыт қажет, әрі көп құжат талап етпейді. Тек, үй иесі бірге келуге міндетті,-дейді. Айта кетейік, электронды қолтаңбасы бар Қазақстан азаматтары интернет арқылы электронды үкімет сайтында тіркеле алады.

5 жыл бойы Германияның, Берлин қаласында, тұрған ерлі-зайыптылар қазақстандықтардың не үшін дүрбелеңге салынғандарын түсінбей дал. Шет елдік азаматтар, неміс жерінде мұндай заң баяғыда-ақ, қолданысқа енгендігін айтуда. 

Атап өтерлігі, жалға берушілер де өз тұрғындары тіркелмесе, айыппұл арқалайды. Жеке тұлғалар 10 АЕК, шағын кәсіп иелері - 15 АЕК , ал ірі кәсіп субъектілері - 50 АЕК төлейді.  

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕЛЕЗИНКА АУДАНЫНА АЛТЫ ОТБАСЫ КӨШІП КЕЛГЕН
10:27, 20 маусым 2018
ЖЕЛЕЗИНКА АУДАНЫНА АЛТЫ ОТБАСЫ КӨШІП КЕЛГЕН
Толығырақ...
ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
11:02, 19 маусым 2018
ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕРТІС АУДАНЫНА 35 ОТБАСЫНЫ КӨШІРІП ӘКЕЛУ ЖОСПАРЫ БАР
11:00, 15 маусым 2018
ЕРТІС АУДАНЫНА 35 ОТБАСЫНЫ КӨШІРІП ӘКЕЛУ ЖОСПАРЫ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
11:02, 19 маусым 2018
ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
11:30, 19 маусым 2018
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛД...
Толығырақ...