ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ АБАЙ ОҚУЛАРЫ

13:59, 24 қаңтар 2020

Абайдың 175 жылдығына орай Павлодар қаласындағы түзету мекемелерінде де шаралар өтуде. Соның дәлелі, АП 162/3 мекемесіндегі Абай оқулары.

Бұл жерде жазасын өтеп жатқан 298 адам бар. АП 162/3 мекемесінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, бас бостандығынан айырылған адамдар ақын өлеңдерін жатқа айтып, әндерін шырқады. Мұндай бастаманы тәртіп сақшылары ұсынған. Олардың айтуынша, Абай өлеңдері, қара сөздері арқылы жазасын өтеушілер рухани азық алып, өмірге деген көзқарастары өзгереді.

Әлібек Әлижан, сотталғандар арасындағы тәрбиелік және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімінің жасақ басшысы

Осы іс-шарада сотталғандар арасында Абайдың әндерін оқу және қара сөздерін айту жөнінде сол мақсатта жүргізіліп жатыр іс-шара. Бүгінгі іс-шараның мақсаты мемелекеттік тілде Абайдың оқу жолдарын, оның философияға қосқан үлестерін талқылау мақсатында осындай мерекелік іс-шара жүргізіліп жатыр.

Аслан Ертісбаев, тілші:

Жазасын өтеушілер тордың ар жағында қарап жатпай, Абайдың шығармашылығын жаттап жүр екен. Бүгінгі іс-шара соның дәлелі. Мұндағы жазасын өтеушілердің көбісі Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа айтып бере алады. Сондай-ақ, бұл жерде Абай Құнанбайұлының кітаптары да ұсынылған.

АП 162/3 түзету мекемесі мұндай іс-шараларды дәстүрлі түрде жиі өткізіп отырады. Айта кетерлігі, бұл жерден Абай кітаптарын да көруге болады. Павлодар облысында 5 түзету мекемесі бар. Бұлардың барлығы алдағы уақытта ақын шығармаларын дәріптеуге ат салыспақ.

Арман Сандыбаев, жазасын өтеуші:

Өз жеке басым Абайды тек қана осындай мерейтойларда ғана дәріптемей, қылмыстық жүйесінде Абайды ай сайын сотталғандардың араасында тәрбиелеу жұмысын жүргізу мақсатында қолдансақ екен деймін. Абайдың қара сөздерін, Абайдың көптеген мұрағаттары, философиясы қылмыс жолында жүрген жастарды тәрбиелеуге өте үлкен көмек көрсетеді деп мен ойлаймын.

Сондай-ақ, бұл азаматтардың тәртібі мен түзелу жолына түсуі ескеріліп, оларды шартты түрде мерзімінен бұрын босату жағы қарастырылған. Бұл жердегі адамдар қоғамнан уақытша ғана оқшауланатындығын ұмытпаған жөн. Сондықтан, жазасын өтеуші азаматтар сырттағы қоғамнан қол үзбей болашақта оралатын орталарына дайын болулары керек.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...