ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАБЫ

14:54, 3 наурыз 2020

Майра 1 мекен-жайында орналасқан үйлердің сыртқы қаптамалары ұшып кеткен. Дауыл болған сайын адамдарға құлау қаупі бар. Тұрғын үйдің құрылысында мердігер олқылық танытқан көрінеді. Тұрғындар мәселені шешіп, қалпына келтіріп беру үшін біздің телеарнамызға хабарласқан болатын. Мәселенің мән жайын тілші анықтап көрді.

Халықтың айтуынша бұл келеңсіздік орын алғалы біраз уақыт болыпты. Қауіптенген жұрт балаларын сыртқа шығаруға да қорқады.

Аяулым Рахымжанова,тілші:

Бұл жерде жұмыс жасаудың өзі қорқынышты. Ал күнделікті тұрғындар жұмысқа, балалар оқуға, жалпы далаға шығуға үрейленеді. Мәселе өткен жылдың жаз мезгілінде орын алған еді. Сол кезде билік өкілдері жақын арада шешеміз деп сендірген. Ал осы уақытқа дейін ешбір жұмыстар атқарылмаған.

Талай әкімшілікке барып хат жазғанымен, еш нәтиже шықпаған. Билік өкілдері тұрғындармен өздері кездесіп те, уәделерін үйіп төккен.

Күлмәш Ахметова, қала тұрғыны:

Біздің қала әкімі келіп көрген. Үйдің сыртқа қаптамаларының құлауына халық наразы. Мұнда кішкентай балалар ойнайды. Үлкен кісілер, зейнеткерлер жүреді. Жұмысқа барады. Осы плита құлағанда қорқамыз. Машиналар тұрады. Біреуісіздің басымызға құлар.

Ұшып кеткен үй қаптамаларынан зардап шеккендер де бар. Тұрғындардың айтуынша, көршілердің біріне  қаптама құлап, ауруханаға жатқызылған. Зардап шеккен адамның ем-дом қабылдап жатқанына жарты жылдан аса уақыт болыпты.

Қалижан Ошақбаев, қала тұрғыны:

Қорқыныш. Балалар жүре алмайды. Дауыл күні ешкім далаға шықпайды. Балалардың ойнайтын алаңына ұшып барды қаптама. Енді қайтсе де оңдау керек еді.

Ал сала мамандары дөп басып ештеңе айтпады. Түбегейлі шешімін табуға асығар емес.

Кирилл Ефремов, қалалық сәулет және құрылыс бөлімі меңгерушісі:

Заң шықты. Қазір уақытта нақты ережелерін күтіп отырмыз. Содан кейін жұмысқа кіресетін боламыз. Майра 1 мекен жайында орналасқан үйге сметалық құжат дайындалып жатыр. 

Тұрғын-үй 2007 жылы қолданысқа берілген. Мердігер компанияның салақтығы бүгінде халыққа кесірін тигізуде. Ал жергілікті билік бұл проблеманы шешіп береміз деп халықты уәдемен тойдырып отыр.  Біздің арна аталмыш мәселені назарында жіті ұстайтын болады.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар