ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАР ҚАР ТАЗАЛАУҒА КІРІСТІ

10:37, 22 қаңтар 2020

Биыл еріктер жылы. Жыл басталысымен волонтерлер өз қызметтеріне кірісіп кетті.

№2-ші мектеп жанынан құрылған еріктілер тобы бірнеше жеке тұрғын үй секторының ауласын қардан тазартып, белсенділік танытуда. Бұл істің көпке үлгі болары сөзсіз. Өздеріңіз білетіндей соңғы аптада жауған қар мөлшері күткеннен асып жығылды. Осыған байланысты қала көшелері мен аулаларында қозғалыс қиындаған болатын. Қар тазалау жұмыстарына техникалар жұмылдырғанымен, бір күнде тазалап шығу мүмкін еместігі жалпыға аян. Осы ретте белсенді қала тұрғындары білек сыбана іске кіріскен. Сонымен қатар, еріктілердің де атқарған еңбегі орасан зор.

Данияр Жұмажан, ерікті:

Әрине біз көп аула тазаладық. Оның ішінде айтатынымыз біздің мектептің оқушысының ата-анасы мүгедек екен. Соған қар тазалауға біз барған болатынбыз. Өйткені оның ата-анасын көріп менің жүрегім ауырды.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Соңғы екі аптада толассыз жауған қар тұрғындарды әбігерге түсірді. Мұндай көп мөлшерлі қарды бірмезетте тазалауға қала балансындағы техника қауқарсыз. Сондықтан қала тұрғындары тосын тәбәрікті күтпей, бірден тазалық жұмыстарына кірісіп кеткен. ПИК басшылары сөзіне сүйенетін болсақ, екі қолға бір күрек ұстағандардың дені көлік жүргізушілері. Олар алдағы уақытта дәстүрді жалғастырып, сенбілік жасамақ ниетте.

Айманов көшесіндегі 33-ші үйдің көлік жүргізуші тұрғындары пәтер иелерінің кооперативі басшының көмегімен аулаларын ақ ұлпадан тазарта бастаған. Өткен атпада жаппай сенбілік ұйымдастырыпты.

Баймырза Әбенов, қала тұрғыны:

Барлығымыз бірге шыққанды жөн санадық. Өз ауламызды тазаладық. Осы үйде тұратын барлық көлік жүргізушілері осы ат салысты. ПИК төрайымы бізге күрек, басқа да жабдықтар берді. Ал, бүгін арнайы көлік шақырып, жолды тегістеп жатырмыз. 

Ал, Торайғыров көшесіндегі 14-ші көп қабатты тұрғын үйдің нәзік жандылары өз жұбайларына алғыстарын білдіруде. Қыс басталғалы Павлодар қаласынан 80 тоннаға жуық қар шығарылған. Күн сайын 100-ден астам техника шаһар көшелерін тазалауға шығады. Қазіргі таңда күшейтілген режимде жұмыс жасалып жатыр.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар