«Туған өлке – туған жер» атты жобасы

Шілде айынан бастау алған «Туған өлке – туған жер» атты жоба өңірімізде ары қарай жалғасын табуда. Қалалық мәслихат депутаттығының қалауымен құрылған арнайы топтың жалынды жастары өткен айда Усолка шағын ауданы, Лермонтов көшелері бойы мен алаңдарын жөнге келтірсе, тамыздың таңдарынан бастап өзге де жұмыстарға белсене кірісіп кеткен.

16:44, 2 тамыз 2017   223

Жоба  «Жасыл ел» жасағы тобы мен қалалық мәслихат депутаттығына тиесілі. Өзара біріккен бұл ұйым Еңбек ардагерлері мен құрметті азаматтарға үй жағдайында көмектесіп, қолұшын беруден басталып отыр. Валентина Пешкова  өз үйінде 1964 жылдан бері тұрып келеді.  Қария  биыл  мүгедектер санатына қосылған. Жалғызбасты кейуана еш қауқарсыз.Аялап өсірген балалары мен немерелері жуық арада үйдің ішіне жөндеу жұмыстарын енгізбек. Бұған дейін «жасыл елдіктер» Павлодар ауданына арнайы келіп, қарт тұрғынның ауласын қоқыстан тазартып, қолұштарын беруде.

ВАЛЕНТИНА ПЕШКОВА, Еңбек ардагері

Жоба бойынша  «Жасыл ел» жасақтарының жалынды жастары көмек қолын созса,қалалық мәслихат депутаттары демеушілік танытуда.  Атап айтсақ,  Аурика Дяк, Зауреш Мұқашева және  Болат Аманжолов сынды халық қалаулыларының  қолдауымен, жастар қария үйінің ауласын  тазартып қана қоймай, кіреберіс қақпаларын да сырлап, еңбек ардагерінің алғысына кенелді.

РАХАТ ҚАППАСОВ, Облыстық  «Жасыл ел» жасағы жетекшісі

Арнайы құрылған жалынды жастар тобы алдағы уақытта да мұнымен тоқтамай, мәжбүр жандардың бәріне де көмек қолдарын ұсынуға әзір екендіктерін айтады. «Туған өлке – туған жер»  жобасы тамыз бойына  Жетекші және  Жаңауыл елді мекендеріне де қызмет етуге даяр.

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ресми сайты

140006, Павлодар қаласы, Сұрағанов көш., 21 үй Байланыс телефондары: 8 (7182) 33-90-26