ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ТРАМВАЙ БАСҚАРМАСЫНА - 55 ЖЫЛ!

11:51, 30 шілде 2020

Павлодардағы трамвай басқармасының құрылғанына биыл 55 жыл. 55 жылдың ішінде мекемеде көп нәрсе өзгерді. Көліктері жаңартылып, қызметкерлер үшін жағдай жақсартылды.

Жарты ғасырдан астам уақыт бойы қоғамдық көліктің бұл түрі павлодарлықтарды қажетті орнына жеткізіп салуда. Көліктің бұл түрі қауіпсіз, кең әрі ыңғайлы. Айта кетейік, бүгінгі таңда шаһарымызда осындай 111 вагон 17 бағыт бойынша жолда жүреді. Мерейтой қарсаңында олардың іші мен сырты безендірілді.

Абзал Қабдраш, трамвай басқармасының баспасөз хатшысы:

Осы мерекелік трамвайды безендіріп, жолға шығарып жатырмыз. Өздеріңіз көріп тұрғандай сыртында балансында болған ең бірінші трамвайдан бастап бүгінгі жаңартылған трамвайларға дейін суреттері көрсетілген. Ал, трамвайдың ішінде балардың арасында ең әдемі трамвай номинациясында сурет конкурсын өткізген болатын. 40-тан астам келіп түсті.

Осылайша вагондардың ішіне балақайлардың мынадай суреттері ілінді. Бәрі де қоғамдық көліктің бұл түрін өздерінше суреттеп берген. Қатысушылардың жасы 4-14 жас аралығында. Өнерпаз балалардың еңбектері бағаланып, тиісті сый-сияпаттарына ие болды. Ал, 1965 жылы құрылған басқармада қазір  700-ге тарта қызметкер жұмыс істейді. Елдегі жағдайға қарамастан олардың жалақысы осы айдан 30 пайызға өсті.

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

БҮГІН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ
20:24, 15 қаңтар 2021
БҮГІН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ
Толығырақ...
ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР: СОЦИАЛ ӘЙТЕНОВ – 75 ЖАС
20:19, 15 қаңтар 2021
ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР: СОЦИАЛ ӘЙТЕНОВ – 75 ЖАС
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАР: КӘРІЗ ҚҰДЫҚТАРЫ ЛАС СУҒА ТОЛЫ
20:16, 15 қаңтар 2021
ТҰРҒЫНДАР: КӘРІЗ ҚҰДЫҚТАРЫ ЛАС СУҒА ТОЛЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЫСТЫҚ СУ ТОЛЫ ШҰҢҚЫРҒА ҚҰЛАҒАН ӘЙЕЛДІҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
19:32, 11 қаңтар 2021
ЫСТЫҚ СУ ТОЛЫ ШҰҢҚЫРҒА ҚҰЛАҒАН ӘЙЕЛДІҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...