Тозығы жеткен көлігін утилизациялауға тапсырған азаматтарға сертификаттар беріледі

Бұдан былай тозығы жеткен көлігін утилизациялауға тапсырған азаматтарға сертификаттар беріледі. Оның көмегімен көлік иесі елімізде өндірілген су жаңа темір тұлпарды жеңілдікпен сатып ала алады. Жарты жылда облыс бойынша 848 автокөлік утилизациялауға тапсырылған екен.

14:32, 20 сәуір 2017   92

Көліктерді утилизациялау бағдарламасының пилоттық жобасы былтыр қараша айында қолға алынған болатын. Тәжірибе көрсеткендей ескі темір тұлпарларын тапсырам деушілердің қатары көп болды. Қазақстандықтардың жоғары ынтасын байқаған Энергетика министрлігінің мамандары биылғы жылдың қаңтарынан жобаны толығымен іске қосты. Азаматтар үшін электронды кезек пен колл-орталығы жұмыс істей бастады. Бүгінге дейін Павлодар өңірінде 848 автокөлік қабылданды. Бұл бағытқа 127 миллион теңге қаражат бөлінді. Науқан бүгін де қызу жүруде. Ескі темір тұлпарлар екі категория бойынша қабылдануда.

ЖОМАРТ РАХЫМЖАН, «ӨКМ Операторы» ЖШС өкілі

Утилизациялауға тапсырылған танымал көліктердің қатарын Ваз2105, Ваз-2106, Ваз2102, газ3110, Москвия2140, Мазда626 сияқты техникалар құрайды. Істен шыққан көліктер сығымдалады. Бұдан соң маусым айында Қарағанды қаласында салынып жатқан шрейдерлік зауытқа жеткізіліп, қайта өңдеуден өтеді. Аталған бағдарлама үстіміздегі жылдың соңына дейін жалғаспақ. Осы аралықта 40 мың көлік қабылданады деп көзделген. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында тозығы жеткен көліктерді тапсырушыларға сертификат беру бағдарламасы іске қосылмақ. Осы құжатпен көлік иесі елімізде өндірілген су жаңа автокөлікті жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік алады.  

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ресми сайты

140006, Павлодар қаласы, Сұрағанов көш., 21 үй Байланыс телефондары: 8 (7182) 33-90-26