ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ТӨРЕСІН ӨСІРЕДІ

20:47, 12 қазан 2020

Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округінде егін және мал шаруашылығы қарқынды дамып жатыр. Оның ішінде асыл тұқымды жылқы өсіру шаруашылығы да бар. Төрт түліктің төресін бағып, табыс тапқысы келетіндер көп.

Жылқы десе делебесі қозып, бәйге десе барын беруге даяр қазақ үшін аламанның орны бөлек. Астына ат тиіп, қолына қамшы ұстағанға тамсана қараймыз. Сондай жандардың бірі Баттал Мұсаұлы. Жылқы шаруашылығымен айналысады. Асыл тұқымды ағылшын жылқыларын өсіреді.

Баттал Әлдекенов, шаруа қожалық басшысы: 

Жаңағы жылқыны жуырда сатып әкелдім. Амеғриадан 1 жасында 1100 мың долларға келген жылқы. Соны сатып әкелдім. Негізі қанын өзгертуге сатып келдім. Айғырлыққа. Алған бәйгелеремі көп.   Дәулет Тұрлыхановқа ас берген сол кезде аттым. Облыс та да аттым.

Баттал Әлкенов 2014 жылы шаруа қожалығын ашты. Содан бері іскер азамат жылқы, мал өсіруді қолға алған. Шаруашылықта жалпы 100-ден астам жылқы өсіріледі.   

Баттал Әлдекенов, шаруа қожалық басшысы: 

Жылқы енді кезімнен жылқыға құмар болдым.  Содан жылқы шаруашылығын таңдадым. Бұл ағылшын жылқылары. Ұстап жатырмын. Араб пен шаита жылқылар бар. Көбінесе 20 шақты ағылшын жылқыларым бар. Қара мал ұстап жатырмын.

Шаруа қысқы жем-шөбін төбе-төбе үйіп, дайындап қойған. Мал азығымен қамтуда мәселе туындамайды, дейді. Кәсібі мемлекеттен қолдау тауып жатыр. Лизинг арқылы қажетті техникаларды алып, жұмыс жасауда.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар