ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ТОЙ ТОЙЛАЙТЫН УАҚЫТ ПА?

19:31, 11 шілде 2020

Павлодар облысында жасырын той жасағандар анықталып жатыр. Елдегі жағдайға қарамастан қуанышымен бөлісуге асыққандар мен мейрамханасын жалға бергендер, заңға тартылатын болады. Арнайы мониторингтік топ өкілдері тексеріс жүргізуде.

Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың 6 маусымдағы қаулысына сәйкес, көпшілік жиналатын іс-шаралардың барлық түрлерін өткізуге тыйым салынды. Осы ретте 30 күн ойын, 40 күнін тойын өткізетін біздің халық жасырын той жасауға көшті. Ондағы санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуы бойынша мониторингтік топ тексеріс жүргізе бастады.   

Медет Шоқанов, кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары:

Мониторингтік топтың жұмысы негізгі бес бағыт бойынша жүргізіледі. Осылайша 30 маусымда қаламыздағы мейрамханалардың бірінде отбасылық салтанатты іс шара өтіп жатқаны анықталды. 45 адам болды. аталмыш факт тіркелді. Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша хаттама толтырылды.

Мемлекет басшысының өзі  «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында «Тойың тойға ұлассын» деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес. Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек», - деген еді. Одан кейін тойға тіпті екі жылға мораторий енгізу керек деген де әңгімелер басталды.

Талант Тұқаев, әнші, асаба:

Сондықтан да қазіргі індет кезде тойдан біраз бас тартсаңыздар дұрыс болар еді. Морайторий дұрыс емес. Әр ата жалғыз қызы мен ұлы үйленгенде қуанышымен бөліскісі келеді. Әрине ысырапшыл болмау керек бір жағынан. + Әр нәрсеге үйреніп қаламыз ғой. Басқа жұмыстарды істеп күн көруге болады. Соны істеп те жүрміз. Тіршілігімізді көріп жүрміз.

Тойды ұйымдастырушы мен жай ғана қатысушы ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша карантинді бұзғаны үшін  26 мың теңге айыппұл (10 АЕК) немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының ӘҚБтК 462-бабының үшінші бөлігі бойынша нұсқамаларын орындамағаны үшін жеке әкімшілік жауапкершілік - 500 АЕК-ке дейінгі айыппұл салынады. Санитарлық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша 5 млн теңгеге дейін айыппұл салынады. Отбасылық мереке, той, еске алу шараларын өткізу адамдардың коронавирустық инфекцияны жұқтыруына немесе адам өліміне әкеп соқтырған жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік 2 мың АЕК (5,5 млн теңгеге) дейін айыппұл немесе 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Сондықтан аурухана мен дәріханадағы кезекті бір қараңыз. Жақыныңа жанашыр болатын шақта жақынымызды өзіміз ауыртып алмайық. Елдегі қиын кезеңде  жарыса той-томалақ жасаудың орына өзіңіз бен жақын адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасаған абзалырақ.

 
Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
20:30, 9 тамыз 2020
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...