ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК Толығырақ

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ

18:53, 16 қыркүйек 2019

Тарихты түгендеу Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған. Май өңірінен шыққан Тілеуқабыл батыр Дәулетбайұлы жаугершілік заманда елін қорғаған қазақ батырларының бірі. Ұлын ұлықтаған батыр ұрпағы Тілеуқабыл Дәулетбайұлына ескерткіш орнатты.

Тілеуқабыл Дәулетбайұлы Жоңғар шапқыншылығы кезінде қол бастаған Арғынның Бәсентиін руынна шыққан батыр. Деректерге сүйенсек, 1740 -1810 жылдары Май ауданы, Жаңатілек ауылында өмір сүрген.  «Шаңды жорық» шайқасына қатысып, көзге түскен Тілеуқабыл батыр, Сұлтанмәмет сұлтанның Батыс Қазақстан жақтағы жорығына қатысқанын болжауға болады. 

Асхат Оралов, облыс әкімінің орынбасары:

Осы біздің кездесуіміз Май ауданында осы екі жарым жылдың аясында  «Туған жер» бағдарламасы бойынша киелі біздің өңіріміздің географиялық жобасы әзірленді. Май ауданынынң зиялы қауым өкілдеріне, ақсақалдарына, тұрғындарына, азаматтарына осындай керемет мереке сыйлағаны үшін мың алғысымды білдіргім келеді.

Шараға жиналған халықтың қарасы қалың болды. Май елінің ақсақалдары, құрметті азаматтары, ескерткіштің ашылу жолында еңбек еткен тұрғындары жиналды. Тілеуқабыл батыр жайында Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің қолжазбаларында да сақталған деректер бар. Өткенін ұлықтаған бүгінгі ұрпақ заманында ел басқарған, қол бастаған бек, батырларын ұмытпақ емес. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы өткенді түгендеуге үлкен сеп болды. Ауылдың кіре берісінде орнатылған батырдың мүсіні де қазақтың әр баласына ұлттық рух беретіні сөзсіз. Ұйымдастырушылар бұдан кейін де Май өңірін мекен батырдың есімін ұлықтау үшін түрлі шаралар өткізбек.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
18:41, 15 қазан 2019
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...