ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

«ТІЛ ВОЛОНТЕРІ» ОРТАЛЫҒЫ

11:42, 20 қаңтар 2020

Мемлекет басшысының бастамасымен биылғы жыл «Еріктілер жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай, орталық қалалық кітапханада «Тіл волонтері» орталығының ашылу салтанаты өтті.

Айтулы шараға қоғам қайраткерлері, тіл саласының мамандары мен ғалымдар, және де студенттер мен оқушылар қатысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жарияланғанына үш жылға таяу уақыт өтті. Қоғамда рухани сілкініс тудырған құжат ұлттық рухты нығайтатын көптеген игі іс-шараларға жол ашты. Солардың бірі Павлодарда ашылған «Тіл волонтері» орталығы. Мәтінді аудару қиындық туғызған жағдайда, кез келген ұйым бұл орталықтың қызметкерлеріне жүгіне алады.

Шолпан Кинжикова, «Ана тілі» орталығының директоры:

Жыл бойы тіл еріктілерімен бірге мастер-класстар өткізіп, тегін оқулықтар таратылатын болады. Аударма ісіне де мән береміз. Яғни, қате аударылған дүниелердің барлығын тегін аударуға «Ана тілі» орталығы тарапынан дайынбыз.

Орталықтың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді дамыту жұмыстарын жетілдіру. Көпшіліктің ана тілді меңгеруіне жағдай жасау.

Самал Бегалинова, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

Біздің облысымызда, қаламызда мәселе бар. Біз өз мемлекеттік тілімізді, ана тіліміз – қазақ тілін толыққанды қолданбаймыз. Ортада ойымызды жұрыс жеткізе алмаймыз. Біліп тұрсақ та, жеткізе алмаймыз. Бүгін міне көбінесе, 70% жастар келіп отыр. Жалындап тұрған жастар. Барлығы жастардың қолында.

Шара барысында жоғары оқу орындары студенттері мен оқушылар еріктілер қатарына қабылданды. Волонтерлер жыл бойы атқаратын жұмыстарды ортаға салды.

Нұрдәулет Абдуқожаев, білім алушы:

Бұл орталықтың ашылуына мен өте ризамын. Себебі қазақ тілін дамытуға көмектеседі. Павлодар қаласында жастардың көбі орыс тілінде сөйлейді деген ой қалыптасқан. Біз жастар орталық ұйымдастырған шараларға белсенді қатысамыз.

Алдағы уақытта орталықта еріктілер санын көбейту көзделіп отыр. «Тіл волонтері» орталығы заманауи әдістемелік құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Жалпы тіл үйренем деушілер үшін осы секілді орталықтардың жетіспей жатқандығы анық. Ал мемлекеттік тілді оқып, үйренуге ынта білдіріп жатқандар қатары жыл сайын артып келеді.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...