ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ТІЛ ҮЙРЕТЕТІН ЛАГЕРЬ

15:33, 20 маусым 2019

Шарбақты ауданында ағылшын тілін үйрететін «Шағала» сауықтыру лагері жұмысын бастады. Пилоттық жоба аясында балалар шет тілі мен қатар қазақ тілін де жетілдіруге мүмкіндік алады. Жазғы лагердің салтанатты ашылуына біздің тілшілеріміз барып қайтты.

Пилоттық жоба Павлодардағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бастамасымен іске асырылды. Аталмыш жобада Шарбақты ауданың аз қамтылған отбасылардың балалары мен Зияткерлік мектептің оқушылары сауықтыру кешенінде тегін демалып, білім алады. Өзге де, жазғы демалысын осында өткіземін деушілерге екі апталық ақылы курс бар. Оның құны 35 мың теңге.  

Әзілхан Әбеуов, аудан әкімі:

Бұл іс- шараның негізгі бастауы наурыз айында Назарбаев интеллектуалды мектебімен бірге келісімшартқа отырдық. Осылай бізге олар өздерінің ағылшын тіл мамандарын береді. Мамандары болғанда,біздің Қазақстандық емес басқа шетелдің азаматтары, балалрымыз солармен тек ағылшын тілінде сөйлессін деп.

Мұнда ағылшын және қазақ тілдері мен қатар ,  ағылшын тіліндегі математика, информатика сияқты пәндер үйретіледі.

Дарина Оспан, демалушы:

Бұл лагерьге келгеніме бесінші күн болды. Біз лагерьде ойнаймыз. Спорт ойындары болады және бізде сабақтар болады. Біз ағылшын тілін, математика, қазақ тілін оқимыз. Мұнда өте қызықты, маған өте ұнайды.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар