ШҰҒЫЛ! Қ.ТОҚАЕВ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ Толығырақ

ТЕМІРДЕН ТҮЙІН ТҮЙГЕН

19:12, 11 маусым 2019

Павлодарда болашақ дәнекерлеушілер арасында облыстық сайыс өтті. Осымен бесінші рет ұйымдастырып отырған байқауға облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысты. Темірден түйін түйген шеберлердің жұмыстары қазылар алқасы тарапынан жоғары бағасын алды.

Облыстық техникалық шығармашылық байқауы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған. Оған өңірдегі техникалық және кәсіби білім беру колледждерінен 10 жұмыс ұсынылды. Қатысушылар темірден түйін түйіп, металға жан бітіретін шебер екендіктерін көрсете білген.

Серік Ибраев, түсті металлургия колледжінің өндірістік оқыту шебері:

Темір дегенде адамның ойына не келеді қара, суық түсті. Сол темірден жанды нәрсе жасау әр адамның қолынан келеді деп айта алмаймын. Біздің балалардың бойында не барын, көрсетуге тырыстық.   

Темірден неше түрлі мүсіндер жасауға әркім әр қалай уақыт жұмсаған. Қайсы біреулер жасаған бұйымының көлемі мен қиындығына қарай жарты жылдай уақыт жұмсаса, Іляс пен Бақдәулет небәрі екі аптаның ішінде экспонаттарын байқауға алып келді.

Бақдәулет Аман, Ақсу қара металлургия колледжінің студенті:

Таңдаған тақырыбымыз ол, «Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны». Біз бұл жұмысымызды барлығын ережеге сәйкес барлығын темірден жасадық. Металл қалдықтарынан және біз онымен ғана шектеліп қоймаймыз. Жөндеуші слесарь, жөндеуші гидравлист, жөндеуші дәнекерлеуші жұмыстарымен барлығымен жұмыс жасап, барлығын бір біріне қосып, бүгінгі жобаға қатыстық.

Болашақ дәнекерлеушілердің қолынан шыққан бұйымдар сан алуан. Сапасы да таңдай қағарлық.

Есенбек Санатұлы, тілші:

Байқауға қатысушылар Ұлы даланың жеті қырын өздерінің жұмыстарына арқау еткен. Мәселен, қызғалдақтың отаны Қазақстан екенін мына жұмыстан көретін болсақ, жылқы малының ең алғаш қазақ даласында қолға үйретілгенін мына композициядан байқауға болады.

Темірден түйін түйген жас шеберлердің жұмысы қазылар алқасы тарапынан да жоғары бағасын алды.       

МираШ, облыстық білім басқармасының әдіскері:

Өте көптеген керемет-керемет жұмыстарды көріп отырмыз. Ұлы даланың жеті қыры бағытымен бағытталған әр түрлі жұмыстарын көрсете білді. Көңілімізден шықты.  

Байқауда екі номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Креативті жоба және Ұрпақтар сабақтастығы талымын ұтқандар құрметке бөленді.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

НАЗАРБАЕВ ДАҢҒЫЛЫНДА ВЕЛОЖОЛ САЛЫНАДЫ
15:26, 19 маусым 2019
НАЗАРБАЕВ ДАҢҒЫЛЫНДА ВЕЛОЖОЛ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар