ШҰҒЫЛ! Қ.ТОҚАЕВ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ Толығырақ

ТЕМІР ЖОЛ КӨПІРІНЕ – 70 ЖЫЛ

19:03, 11 маусым 2019

Осыдан 70 жыл бұрын 11 маусымда Ертіс өзені арқылы өтетін теміржол көпірі ашылды. 1941 жылы құрылыс басталған нысан тек қана 8 жылдан кейін қолданысқа берілді. Ақмола-Павлодар деп аталатын теміржол көпірінен осы уақыт ішінде жүк және жолаушылар пойызы мыңдап өтті.

1941 жылы стратегиялық нысан болып табылатын теміржол көпірінің құрылысына бүкіл ел болып жұмыла кірісті. Су үстіне құрылыс жүргізу үшін су астына тіреу ретінде жіберілетін түпсіз темір құрылғылар-кессондарды  тұрғызуға арнайы мамандар келді. Гранит тасынан жасалған тірегіштер су астына орнатылды.  Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, көпірдің тұрғызылуына Павлодар өңірінің бүкіл халқы ат салысты. Мұрағат қызметкерлерінің айтуынша күнделікті атқарылған жұмыстар бойынша күнделік те толтырылған. Бұл дәптер тарихи жәдігер  ретінде сақтаулы тұр.


Күләш Есімханова,  облыстық  мемлекеттік архив  мұрағатшысы:
Көпірдің салынуында көптеген жаңа жұмыс орындар болды. Себебі құрылысшылардың практикасында жай қарапайым құрылысшылардың ол бірінші жұмыс орындары болды. Кессондық, бетондық жұмыстарджы білмеген. Сондықтан көп тәжірбие алған ғой. Кісілер салынған кезде.


Соғыс жылдары көпір құрылыс тоқтап қалды. 1946 жылдары жұмыстар қайта жанданып, 1949 жылы толығымен аяқталды. Алғашқы болып Екібастұз көмір кенішінің тауары және Майкайың алтын кәсіпорнының түрлі түсті металы жеткізілді. 70 жыл бойы жұмыс істеп тұрған теміржол көпірі еліміздің барлық қалаларын бір бірімен жалғап келеді. Бұл уақыт ішінде көпір тек сыртқы әрлеу жұмыстарынан ғана өтті. Жүк көтергіш қуаттылығы 6 300 тонна. Александр Нарыжнов теміржолда жүргізуші болып 40 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Көпірдің құрылысына оның әкесі де қатысқан.


Александр Нарыжнов, жүк тепловозының машинисі: 
Менің әкем Ұлы отан соғысының ардагері қаламыздың басты көпірін салуға да көмектесті. Соған қарап мен балалық шағымнан  пойыз жүргізуші болуды армандадым. Арнайы оқуға түсіп, машинист болып еңбек етіп жатырмын. Бұл көпірдің маңызы зор. Бұл жолдан мұнай, газ, көмір, тауар, аллюминий және еліміздің экономикасын көтеретін тағы басқа тауарлар өтеді. Сапалы салынған.


70 жыл тарихы бар бұл көпірден ары-бері күніне оннан аса пойыз жүріп өтеді. Мықтылығы сонша, осы уақыт ішінде күрделі жөндеу талап етпеген.

 

Әйгерім ТОҚПАНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар