ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК Толығырақ

ТАРИХШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

19:13, 9 қазан 2019

Бүгінде тарих саласына ерекше көңіл бөлінуде. С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Павлодарлық ғалымдардың отандық тарихты зерттеуге қосқан үлестері» атты дөңгелек үстел өтті.

Тарих – адамзат қауымының, халықтар мен мемлекеттердің өткен өмірін, бүгінін және болашағын зерттейтін ғылым.  Бүгінде Павлодар өңірінде археология саласы қарқынды дамып келеді. Шараға тарих ғылымдарының кандидаттары, оқытушылар мен студенттері жиналды. Талқыға түскен тақырып қазақ тарихына жаңалық енгізу.

Зәмзәгүл Сабданбекова, тарих ғылымдарының доценті:

Біздің археологиялық орталық осының дәлелі Марғұлан центр. Смағұлов Тимур Нұрланұлының зерттеулері, қазіргі сол центрдің ғылыми зерттеулері, Павлодар мемлекеттік университеті жанындағы. Одан кейін ПМУда Виктор Карловичтың архологиия саласында көп үлес қосып жүр деп санаймын.

Шараға жиналған ПМПУ студенттері болашағын тарих саласымен байланыстырған жандар. Солардың қатарында 2 курс студенті  Айнұр Әлиақпар да бар. Оның айтуынша, осындай шаралар тарихқа деген қызығушылықты арттыра отырып, көп ақпарат береді, дейді.  Болашақ зерттеуші бұған дейін бірнеше зерттеу жұмыстарына қатысқан.

Айнұр Әлиақпар, ПМПУ студенті:

Біз 1курсты аяқтағаннан кейін Баянауыл өңіріне, яғни Торайғыр ауылына археологиялық экспедицияға барған болатынбыз. Ол жерде біз сақ дәуіріне жататын қорымды тапқан болатынбыз. Ол экспедиция бізге археологиялық зерттеу барысында өзінің көптеген қызығушылығымен қиындығына толы болды.

Шара барысында студенттерге Ертіс-Баян өңірінен шыққан ғалымдардың еңбектері, жеткен жетістіктері туралы айтылды. Ғылыми бағытта еңбек ететін тарихшылар қауымы келелі жиын өткізді. Айта кетерлігі, Павлодар облысынынан 30ға жуық ғалым, академиктер шыққан.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
18:41, 15 қазан 2019
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...