ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

ТАРИХИ МҰРАНЫ ЗЕРТТЕУ

18:55, 14 тамыз 2019

Мемлекет басшысының 10 басым бағытын жүзеге асыру аясында «Бірге» жобасы жалғасын табуда. Мақсат «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтарын халыққа паш ету. Май ауданындағы Ақшиман ауылы маңында «Туған жер» арнайыв бағдарламасы аясында археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Қалмақ қырылған» жотасына аймақ басшысы да ат басын тіреп, қазба жұмыстарымен танысты.

18-ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығы кезінде дәл осы жерде қазақ қолы қалмақтарға күйрете соққы берді. «Қалмақ қырылған» атауы да содан қалған. Тарих ғылымдарының кандидаты Виктор Мерц бастаған топ мұнда жаз бойы қазба жұмыстарын атқарып жатыр. Олар, қола дәуірінен қалған қорымдардан құнды жәдігерлер табылатынына сенімді.

Виктор Мерц, археологиялық зерттеу орталығының директоры:

 «Қалмақ қырылған» тауының барлық құндылықтары мен мұрасын ауқымды көлемде зерттеуіміз керек. Бұл аумақ тас дәуірінен бастап қазіргі этнографиялық кезеңге дейін зерттеуді талап етеді. Біз қазір қол дәуірінен қалған бір нысанда қазба жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар, іздестіру жұмыстары да жүріп жатыр.   

«Қалмақ қырылған» жотасында археологтармен қатар тарихшылар да өз зерттеулерін жүргізіп жатыр. Олар Қазақ пен Жоңғар арасындағы саяси байланыс және басқа да тақырыптарға ғылыми еңбектер жазуды жоспарлаған. Ол үшін Ресей еліндегі деректерді де жинақтау қажет.   

Амантай Құдабаев, Е.Бекмаханов атындағы ғылыми тәжірибелік орталық директоры:

Қазір біз осыдан кейін Омбыға барамыз. Анау Омбының әскери музейінде қалмақ қазақ қатынастарына байланысты көп нақты факты келтірген құжаттар бар. Соны алуымыз керек. Содан кейінгі үлкен мәселе мына қалмақ еліне барып сол жерде ғалымдармен тағы содан мына кітапқа қажетті материалдарды алу.

«Қалмақ қырылған» жотасындағы қазба жұмыстары қазан айының соңына дейін жалғасатын болады. Қазір өңірде тарихи орын мен оның айналасындағы аумаққа жүйелі зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданған.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ, Мурат АБИЛМАЖИТ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...