ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ТАҒЫ БІР ОҚУШЫ КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚТЫ

20:12, 12 қазан 2020

Аймақта тағы бір оқушыдан коронавирус анықталды. Оқу жылы басталғаннан бері өңірде 12 оқушы ауруға шалдыққан. Қазір сыныптар карантинге жабылып, оқушылар қашықтықтан білім алуға көшті.

Павлодар қаласының мектептерінің бірінде 2-сынып оқушысынан коронавирус анықталды. Ол соңғы рет 30 қыркүйек күні сабаққа барған. Өзін нашар сезінген соң, дәрігерге жүгініпті.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Оның ішінде 14 бала бар. Үш мұғалім сабақ берген. Олар қазіргі таңда карантинде. Анализдер алынды. Қазір сынамалар зерттеуде.

Оқу жылы басталғаннан бері өңірде 12 оқушыдан коронавирус анықталды. Шарбақты ауданында - 5, Павлодар қаласында - 6 және Ақсуда-1 оқушы ауруға шалдыққан. Науқастарда симптом белгілері байқалмайды. Жағдайлары жақсы деп бағалануда. Олармен байланыста болған адамдар үй карантиніне жіберілді. Айта кетейік, қазіргі таңда аймақтағы бес сынып карантинге жабылды. Сонымен қатар, коронавирустың екінші толқыны басталған жағдайда, облыс ауруханаларының дайындығы тексеріліп жатыр. Жаңа модульді инфекциялық госпиталь де қараша-желтоқсан айларында дайын болуы тиіс.

Сәуле Арыстанова, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Қазіргі таңда облыста 210 өкпені жасанды желдету құрылғысы бар. Тағы 142 құрылғы салып алудамыз. Жалпы 352 құрылғы болады. Наурыз айында бұдан екі есе аз болған еді.

Бүгінгі күнге дейін Павлодар облысында 3955 адамнан коронавирус анықталған. 3777 адам індеттен жазылып шықты. Қазіргі таңда 282 науқас стационарда ем қабылдап жатыр.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар