ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

СУАРМАЛЫ АЛҚАПТЫ АРТТЫРУ

16:09, 10 қыркүйек 2019

Президент өз жолдауында елімізде суармалы алқаптар көлемін 3 млн. гектарға жеткізуді мақсат етті. Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4,5 есе арттыруға мүмкіндік береді. Осы ретте Павлодарлық шаруалар келер жылдан бастап жүгері дақылдарын суаруды қолға алады. Бұл өнім сапасының артуына сеп болмақ.

Дихандар үшін мемлекеттік бағдарламалардың пайдасы зор. Мәселен, жаңа техникаға жұмсалған қаржының 35 пайызын мемлекет субсидияландырады. Яғни, бұл - шаруашылыққа қайтарымсыз жасалған жеңілдік. Соның нәтижесінде өңірдегі ірі серіктестіктер ғана емес, ұсақ шаруа қожалықтарының өзі техникаларын жаңартып жатыр. Ал, Қасым-Жомарт Тоқаев 2030 жылға дейін суармалы алқапты кезең-кезеңімен ұлғайтуды тапсырып отыр.

Қуаныш Баймағанбетов диханшылық шаруашылық басшысы:

Ғылыми негізге сүйеніп жұмыс жасауымыз керек. Тұқым сұрыптау, геноқорларды қалыптастырып, оларды аудандастыру бойынша біраз еңбектендік. Соның арқасында биыл бір ай бойы 32-36 градус ыстық болғанына қарамастан гектарына 12,5 центнерден бидай алып жатырмыз. Президент Жолдауында құнарлы жерлерді игермей бос тастаған шаруалардың жерін мемлекетке қайтару керек деп айтты. Қолдаймыз. Жер халықтың игілігіне айналуы керек қой.

Мемлекет тарапынан ұсынылып жатқан түрлі бағдарламалардың тиімділігі зор. Жеңілдіктер де жасалып жатыр. Осыны қажетіне жаратқан шаруалар техникаларын жаңартып, алқаптарын кеңейтіп алған. Ал, пайдаланбай босқа жатқан жерлердің мемлекетке қайтарылғаны жөн, дейді дихандар.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...