ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

СУ – ТІРШІЛІК НӘРІ

19:39, 3 маусым 2019

Су – тіршілік көзі. Осы ретте «Жаңа Роса» ЖШС балаларды қорғау күні қарсаңында «DarSU» атты кезекті табиғи минералды суының танысытылымын жасады. Бұл 460 мерт тереңдіктен су алатын құдықтың қазылуымен тікелей байланысты.

Балаларды қорғау күнінде қаламыздың түкпір-тікпірінде мерекелік концерттер ұйымдастырылды. Соның бірі қалалық саябақта болды. «Су – тіршлік көзі» атты театрландырылған көрініс көрермен жүрегіне жол тартты. Бұған «Жаңа Роса» компаниясының қызметкерлері себеп болып отыр. Олар бүлдіршіндерді салауатты өмір салтын ұстауға, суды көбірек тұтынуға шақырады. Сондай-ақ, «DarSU» тазартылған табиғы ауыз суын таныстырды.

Әнуар Сарымсақов, маркетинг басшысы:

Бұл шынымен де табиғи су. Павлодарлық бренд. Оның пайдасы, құрамы, ерекшелігі туралы көп пікір айтылады. Әрине жақсы жағынан. Павлодарлықтар тіпті, дәмін тапуға асық. Су – жас ерекшелігін талғамайтын жалғыз өнім. Оны, күн сайын, кез-келген жерде қолданған жөн.

Суды тазарту процесіне де тоқтала кетсек. Арнайы жаңа өнім үшін су тазаратқыш құрылғы салытып алынған. Сусын механизм арқылы сүзгіден өткеннен кейін, салқындатуға жіберіледі. Жеңіл минералдандырылған тіршілік нәрін кез-келген жастағы адам тұтынса болады.

Сергей Бобошко, алкогольсіз сусын және минералды су цехінің басшысы:

Жаңа табиғи тазартылған. Оны 460 метр тереңдіктен бұрғылау арқылы аламыз. Бұдан кейін бұл өнім тазартуға жіберіледі. Толықтай сүзу механизмінен өткеннен кейін ғана ешбір қосындысыз құтыға құйылады.

Мерекелік шараға жиналған қала тұрғындары бірден судың дәмін татып, сапасы туралы ой түйді. Тіпті, ең кішкентай қала тұрғынына да ұнапты.

Данил, қала тұрғыны:

Отлично, она мне понравилась, она очень вкусная, хорошая, можно развозить ее по магазинам.

Айгүл Тұрлыбекова, қала тұрғыны:

Нам очень понравилась вода, по вкусу очень мягкая. Советую всем попробовать эту воду.

«Жаңа Роса» компаниясының негізгі ұстанымы «Дәстүрді сақтай отыра» деп аталады. Бұның да тым терең, мың мағынасы бар. Яғни, сала мамандары судың сапасы мен дәмін сақтай отыра, жаңа дүниелерді ойлап табуға тырысады. Ал, қалалық саябақтағы шара түрлі байқаулармен жалғасын тапты.


Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар