ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ШАРАЛАР

12:19, 26 наурыз 2020

Өңірде су өткізу құбырларының 92 пайызы қардан тазартылған. Арнайы құрылған штаб тәулік бойы су тасқынына қарсы шараларды атқарып жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің бірінші орынбасары Сұңғат Есімханов мәлім етті.

Облыс бойынша су басу қаупі бар 31 ауыл бақылауға алынған. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовтың тапсырмасына сай, бүгінгі күні өңірдегі су өткізу құбырларының 92 пайызы тазартылды. Қазіргі таңда Ақтоғай және Баянауыл аудандары ерекше бақылауға алынған. Тиісті мамандар аталған  аудандарды аралап шығып, мониторинг жүргізіді. Демалыс күндері тағы да тексеріледі.

Сұңғат Есімханов, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

Су басу қаупі бар жерлер анықталды. 31 елді-мекен бойынша жұмыстар толық жасалынды. Су өткізетін құбырлар мен арықтар тазартылды. Әкім 20-наурызға дейін жұмыстарды бітіруді тапсырған. Бір-екі күнде тазартуларды толықтай жүз пайыз аяқтаймыз. Баса назардағы Ақтоғай мен Баянауыл аудандарына демалыс күндері тағы да бақылау жүргіеміз.   

Биыл қардың нормадан екі-үш есеге қалың түскені белгілі. Сұңғат Есімхановтың айтуынша, аталған екі ауданда су тасқынына қарсы тиісті шаралар атқарылып жатыр. Әзірге су басу қауіпі бар Баянауыл ауданының Бірлік ауылының тас жолы ерекше бақылауға алынған. «ҚазАвтоЖол» компаниясымен тиісті материалдар тас пен құм әкелініп, сәуір айының басында суды шектеуге бағытталған дайындық жүргізіліп жатыр. Брифингте Екінші Павлодар мәселесі де сөз болды.

Сұңғат Есімханов, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

Қазіргі күнде жаңағы сол Екінші Павлодарда тұратын тұрғындардың тиісті топ құрылып, солармен бірігіп әр қандай қаупі бар үйлер аралау күндегі сол шаралар жасалып жатыр. 01:48 +склейка 00:09 Су құбырларының мәселесі бар, канализацияның мәселесі бар осы жан-жақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге өздеріңіз білетіндей, бірінші екінші кезеңге бюджеттен қаражат бөлініп, тиісті жұмыстар биыл аяқталады.  Үшінші кезеңге техникалық негіздемесі дайындалып жатыр.

Екінші Павлодардағы жер үйлерде ассенизаторлық машиналармен суды сору тегін жүргізеді.  Қаланың осы бөлігін жыл сайын су басатынына бірқатар себептердің бар екенін Сұңғат Есімханов атап өтті.  Біріншіден жер асты суының көтерілуі, кәріз, су құбыры мәселелері. Екінші Павлодарда ауқымды көлемде су өткізетін көптеген жеке қосулар болды. Шағын ауданның кейбір көшелеріндегі мәселелерге қарамастан, бұл жоба жақын арада аяқталуға жақын.

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

«КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕС» ӘНІ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
11:55, 6 сәуір 2020
«КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕС» ӘНІ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...