ШҰҒЫЛ! «МАЙДАН ЖОЛЫ» ЖАСАҒЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ Толығырақ

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ

19:22, 15 наурыз 2019

Ертіс өңірінің 14 елді мекенінде су басу қаупі бар. Осыған байланысты облыс орталығында 150-мыңнан астам тонна қар шығарылды. Биылғы жылы Шығыс Қазақстан облысынан Ертіске 6 текше километр су жіберіледі деп күтілуде. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппарат кеңесте су тасқынына дайындық барысы пысықталды.

Қазгидромет мамандарының хабарлауынша, биылғы қыста жауын-шашын мөлшері өткен жылдармен салыстырғанда көп болды. Қазіргі кезде мұздың қалыңдығы 56-дан 93 мм-ге дейін жеткен. Қарағанды облысында «Ақжар» бөгетін 1 метрге дейін ұзартты. Көктемде Шолақсор, Теңдік, Қараащы сияқты ауылдарды су басып қалмауы үшін барлық шаралар қабылдануда.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі

Мұндай жағдайлар жылда туындайды. Біз мүмкін су баспайды деп күтпеуіміз керек, ең бастысы өзіміз дайын болуымыз қажет. Қазіргі кезде алдын алу шараларының кешені қабылданды.

Ақсу кентінде 12 үйдегі су басу қаупін жою үшін металлургтер мен энергетиктер қаласының әкімдігі Ақсу-Павлодар көпір өткелінде шандорлардың уақытылы ашылуына назар аударды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек жағдайға байланысты түсініктеме берді. Су өткізу құбырлары облыстық маңызы бар жолдарда 65% - ға, аудандық жолдарда 75% - ға тазартылды, деп хабарлады Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рүстем Раисов. Аймақ басшысы облыс жолдарындағы барлық су өткізгіш құбырларды ағымдағы аптаның соңына дейін тазартылуы тиіс деген тапсырма берді. Май ауданында Қаратерек ауылы маңындағы жол бойы су басу қаупі төнетін орындардың бірі.

Ұлан Жазылбек, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары

Нақты қауіп бар болғандықтан – автожолды шайып кету қаупі төніп тұр. Алдын-алу шараларын өткізудеміз.

Отырысқа қатысушылар алдағы су тасқынына біздің өңіріміз дайын деген қорытындыға келді. 1500 адам мен 300 бірлік техника резервтері бар. Қажет болған жағдайда Қарағанды және Ақмола облыстарының ТЖД күшін тарту  жоспарда бар.

 

Марина САХАРОВА, Мұрат ӘБІЛМАЖИТ

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ БИЗНЕСТЕГІ КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮ
19:19, 21 мамыр 2019
ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ БИЗНЕСТЕГІ КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар